ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Еңсегеновтың алғыс хаты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаевқа

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш трансшекаралық өзенінен балық аулау мерзіміне байланысты сұрақ соңғы үш жылдан бері үлкен әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналып келген еді.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде Қиғаш өзенінің бойында орналасқан 11 елдің мекенің он мыңға жуық адамдарының тұрмыс тіршілігіне тікелей ықпал ететін өзекті мәселе шешімін тапты.

Осы бір маңызды сұрақтың оң шешілуіне Сіздің де тікелей қатысуыңыз және қалыптасқан жағдайды дұрыс қабылдауыңыз елеулі рөлі атқарды.

Сізге, құрметті Асхат Қайзоллаұлы, облыс тұрғындары мен балық шаруашылықтары және жеке өз атымнан ризашылығымды білідіремін.

Аса жауапты қызметіңізге жетістіктер, істеріңізге сәттілік тілеймін.

 

Құрметпен,
С. Еңсегенов