Благодарственное письмо от Министерства Культуры и спорта Республики Казахстан

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Бас прокуроры
А. Қ. Дауылбаевқа

Құрметті Асхат Қайзуллаұлы!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен ү. ж. 20 қазанда құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелер қызметкерлерінің арасында «Тіл – тұтастық кепілі» республикалық байқауын өткізгендігі өздеріңізге белгілі.

Байқауға қатысушылардың үлкен дайындықпен келгендігі құқық қорғау органдары және басқа да әскери мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетіп, байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті.

Осы ретте Сіз бастаған ұйымның белсенділік танытқан команда мүшелері мен команданы дайындаған Е.Уәли, Ғ. Садырбеков, Г. Шушикова, Е. Артықов,  А. Баянбайұлы, К. Әлқожаев, Б. Ермекбаева, Г. Ғазизова және т.б қызметшілерге ризашылығымызды білдіреміз.

Егеменді еліміздің игілігі мен жарқын болашағы жолындағы еселі еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқаратындығымызға сенім білдіреміз.

Министр
А. Мұхамедиұлы