Вы здесь

Жеңісті жақындатқан жауынгер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, көнекөз Шермұхамбетов Бекмұхамет атамыз 1925 жылдың 26 желтоқсанында Ақсу ауданы Жансүгіров поселкесінде дүниеге келген. Шермұхамбетов Бекмұхамет бұрынғы Чапаев (қазіргі Сиқымов) атындағы  орта мектепті тамамдаған. 1942 жылдың шілде айында 17 жасында комсомол ретінде әскер қатарына қабылданып, соғысқа аттанып, ауыр жараланып 1943 жылы елге оралады. Ұлы Отан Соғысында 1 орден және 13 медалдармен марапатталған.

Соғыстан келген соң Алматы қаласындағы ҚазГУ-дің заң факультетін сырттай бітіріп, 1946 жылы Алакөл ауданының прокуратурасында тергеуші болып жұмысты бастаған. Оның қылмысты ашудағы еңбегін жоғары бағаланып 1961 жылы КСРО-ның Бас Прокуроры Роман Андреевич Руденконың қолынан алтын сағат бағалы сыйлық алған. Зейнеткерлікке 1993 жылдың қараша айында шыққан. Зейнеткерлікке шыққан кездегі атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы прокуратурасының аса  маңызды істер бойынша тергеуші  қызметін атқарған. Кеңес үкіметі кезінде 1970 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Бас Прокурорының  аса маңызды құпия объектілер бойынша көмекшісі болып жұмыс істеген, шені аға әділет кеңесшісі. КСРО Бас Прокурорымен 4 рет марапатталса, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен 3 рет марапатталған, прокуратура органдарының құрметті қызметкері атағын алған.

Ұлы Отан соғысының жеңісінің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында елде демократиялық жүйе қалыптастыруда, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан ардагер Шермұхамбетов Бекмұхамет атамызды төл мерекемізбен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз. Кейінгі жастар өзіндей алдыңғы толқын ағадан үлгі алып Елбасымыздың жетекшілігімен бүгінде мемлекеттік құқықтық жүйе жаңа серпінге ие болса, прокуратура органдары да соңғы кездері осындай жаңа өзгерістерден тыс қалмай келеді.

 

Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Алатау» газетінің №17 саны, 24.04.2015 ж.

Размер шрифта
Обычный размер
Большой размер
Огромный размер
Цвета сайта
Черным по белому
Белым по черному
Темно-синим по голубому
Изображения
Включить/выключить изображения
Настройки
Настройки
Обычная версия
Обычная версия
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке автору, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Вы также можете отправить свой комментарий.