Вы здесь

Жер телімі алыпсатарлыққа неге айналды?

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Анаң да сенің қара жер, атаң да сенің қара жер» деп бабаларымыз қастерлеп өткен туған топырағымыздың  әр пұшпағы  баға жетпес байлық.  Дос сүйініп, дұшпан күйініп көз сүзетін жазира даламызды саудалау оқиғалары  елдің  ашу-ызасын туғызып жүр. Жер телімдері  атқамінерлердің көз құртына айналып болды.

Апта ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен алқа мәжілісі болып өтті. Сонда республикамызда жер телімдерінің жер иелері мен шенеуніктер үшін алып-сату нысанына айналғаны атап көрсетілді. Прокурорлық тексерулер жергілікті атқарушы органдардың сатып алу бағасын дұрыс айқындамағанын және соның салдарынан 1 миллиард 300 миллион теңгенің негізсіз төленгенін анықтады. Яғни алдымен жер жекеменшікке заңсыз берілген. Оны қайта сатып алғанда мемлекетке 350 миллион теңге зиян келтірілген.

Бүгінде еліміздің соттарында жерге қатысты 1 миллиард 800 мың теңге мөлшеріндегі мәселені көтерген 84 талап-арыз қаралуда, 22 қылмыстық іс қозғалды, 95 материалға іс жүргізу шешімдері қабылдану үстінде.

Бас Прокурор атап көрсеткендей, әкімдіктерден бастап, сараптамалық-бағалау мекемелеріне дейінгі барлық деңгейлерде жер телімдерін алу рәсімдері жүйелі түрде заңбұзушылықпен жүргізілген. Ол қандай заңбұзылушылықтар?

Бәрімізге таныс көріністер: мемлекеттік бағдарламалар және бас жоспарлар бойынша құрылыс салуға арналған жер телімдерін беру, әкімдіктердің жер телімдерін бөлу туралы қаулылары, комиссиялардың заңдастыру туралы шешімдері, бағалау туралы есептерді бұрмалау, жер телімдерін сегменттеу және қайта сату.

Осындай мәселелер ашық айтылған алқа мәжілісінде тұтастай алғанда жер телімдері мен жылжымайтын мүліктер нарығында нақты баға көрсеткіштерін тәртіпке келтіру шаралары ұсынылды. Атап айтқанда, мемлекет қажеттілігін алдымен мемлекет иелігіндегі жер телімі есебінен қанағаттандыру, жер индексациясын алыпсатарлықты болдырмайтын фактор ретінде ескере отырып, жерді тек құқығы белгіленген сәттегі кадастрлық құнымен алу қажеттігі алға тартылды. Осы ретте жер телімдерін алуға қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың жұмыстарын бақылау күшейеді. Болашақта жер заңнамаларына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу барысында осы ұсыныстар ескерілуі керек.

«Жер дауы –жесір дауы» дегенді қазақ баяғыда айтқан. Ұлтымыздың ұяты мен ары – топырағында, жердің киесі барын ұмытуға болмайды.

Ғазиз ҚҰРМАШҰЛЫ

Размер шрифта
Обычный размер
Большой размер
Огромный размер
Цвета сайта
Черным по белому
Белым по черному
Темно-синим по голубому
Изображения
Включить/выключить изображения
Настройки
Настройки
Обычная версия
Обычная версия
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке автору, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Вы также можете отправить свой комментарий.