Вы здесь

Сот орындаушыларының мемлекет пайдасына мүліктерді тәркілеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзуға жол бергені анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төлеби аудан прокуратурасымен аумақтық сот орындаушыларымен 2014 жыл мен 2015 жылдың 1 тоқсанында қылмыстық және әкімшілік істер негізінде мемлекет пайдасына мүлкін тәркілеу туралы атқару өндірістерінің орындалу заңдылығына қатысты тексеру жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтар анықталған.  

Мысалы, 30.06.2014 жылғы Төлеби аудандық сотының атқару парағы негізінде борышкер Е.Нурмахановтың жеке меншігіндегі барлық мүлкін тәркілеу туралы 04.08.2014 жылы №2461-14-51/01 санымен қозғалған атқару өндірісі бойынша сот орындаушысы Д.Асилбековпен (қазіргі таңда Түлкіба саумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы) борышкердің атына тіркелген: Төлеби ауданы Зертас ауылында орналасқан (кадастрлық нөмірі 19-298-029-541) тұрғын үйі, құрылыс объектілері мен жер учаскесін мемлекет пайдасына тәркілеуге қатысты шараларды қабылдамай (аталған мүліктерге «ОРТА» микрокредиттік ұйым» ЖШС-мен 21.07.2010 жылы және қылмыстық іс шеңберінде Төлеби АІІБ-мен 23.05.2014 жылы тыйым салынған), 21.10.2014 жылы атқару өндірісін қайтару туралы заңсыз қаулы қабылдаған және бұл қаулы аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Б.Біләловпен бекітілген.

Осы мағыналас құқық бұзушылық 21.02.2014 жылғы №1591-14-51/02 санды атқару өндірісі бойынша борышкер К.Мамбеткулованың мүліктерін тәркілеу туралы атқару өндірісі бойынша да орын алған.

Атап көрсеткенде, сот орындаушысы Д.Асилбековпен борышкер К.Мамбеткулованың атына тіркелген кадастрлық нөмірі 19-309-116-237 санды Самал-1 мөлтек ауданында орналасқан жер учаскесінің болуына қарамастан, оны мемлекет пайдасына тәркілеуге бағытталған шараларды қабылдамай 21.04.2014 жылы атқару құжатын қайтару туралы заңсыз шешім қабылдаған.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында аудан прокуратурасымен Төлеби аумақтық сот орындаушылар бөліміне заңға қайшы қабылданған қаулының күшін жою туралы наразылық және облыс прокуратурасы арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы ОҚО әділет Департаментіне ұсыныс енгізілген.

Ұсыныстың қаралу нәтижесімен ОҚО әділет Департаментінің 12.06.2015 жылғы 540-т және 541-т санды бұйрықтары негізінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 10-тармақшасына сәйкес Төлеби аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Б.Біләлов пен Түлкібас аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктеріне тартылған.

ОҚО Төлеби аудандық прокуратурасы

Размер шрифта
Обычный размер
Большой размер
Огромный размер
Цвета сайта
Черным по белому
Белым по черному
Темно-синим по голубому
Изображения
Включить/выключить изображения
Настройки
Настройки
Обычная версия
Обычная версия
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке автору, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Вы также можете отправить свой комментарий.