Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Меркельдің Италия Елшісімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 9 шілде 2012 жыл)

09 июля 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Пиери Альбертомен кездесуі болып өтті.

И.Меркель өзінің әңгімелесушісін Бас прокуратураның негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып өтіп, екіжақты және көпжақты форматтағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстанның қадағалау органдары қызметінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі екенін атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда, екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны дамыту және кеңейту, құқықтық көмек көрсету және сотталғандарды беру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимыл саласын одан әрі кеңейту және дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Комментарии

Добавить комментарий