Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты

Н А Р А З Ы Л Ы Қ

кассациялық тәртібімен

Маңғыстау облысы прокурорының ұсынысы бойынша

Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 26 тамыздағыүкімімен

Ахметалиев Сериккали Катимгалиевич, 02.02.1974 жылы Батыс Қазақстан облысында туылған, қазақ, ҚР азаматы, бұрын сотталмаған,

- ҚК-тің 311-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырумен12 жылға бас бостандығынан айыруға,жазаныөтеу қатаң режимдегі түзеу колониясындабелгіленген.

Жолдыбаев Нурлан Серикович, 03.02.1985 жылы Маңғыстау облысында туылған, қазақ, ҚР азаматы, бұрын сотталмаған,

- ҚК-тің311-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып,мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыруға,жазаны өтеу қатаң режимдегі түзеу колониясында белгіленген.

Сот үкімімен Ахметалиев пен Жолдыбаев мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, аса iрi мөлшерде өздері арқылы пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеттері үшін 4 000 000 теңге пара алу қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен аталған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысымен үкім және апелляциялық сатысының қаулысы  өзгертіліп, сотталған Ахметалиевтің қылмыстық әрекеті ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қайта сараланып, ҚК-тің 55-бабының негізінде мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырумен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Кассациялық алқа 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚК-тің 6-бабына сәйкес Ахметалиевтің әрекетінде аса ірі мөлшерде не ірі мөлшерде пара алу қылмыстық белгілері болмауына байланысты оның әрекетін ҚК-тің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен, яғни лауазымды адамның, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алуы деп белгіленуі тиіс деп, пара алуға оқталу болып саралануға жатады деген тұжырым жасаған.

Сотталған Ахметалиевтің әрекетін қолданыстағы Қылмыстық кодекспен саралауын дауламай, күшіне енген сот актілері төмендегі негіздермен өзгертілуге жатады.

Кассациялық алқа ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.1995 жылғы «Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» №9 нормативтік қаулысының 11-тармағын басшылыққа алып, сотталған Ахметалиев келісілген параның бір бөлігін Жолдыбаевтың 500 000 теңгені(үкім бойынша – 700 000 теңге) алып қойғанын білмеген және бұл оның қылмыстық ойымен қамтылмай қалған. Ал, параның қалған бөлігін 3 300 000 теңгені алу үстінде Жолдыбаев құқық қорғау органдарымен ұсталған, олардың тікелей бақылауымен Ахметалиевке апарып берген соң ұсталған, яғни оған арналған пара сотталғанның ырқына байланысты емес себептермен алынбай қалғандықтан сотталған Ахметалиевтің әрекетін адамдар тобы болып, пара алуға оқталған деп саралаған. 

Кассациялық сатыда қаралған кезінде қолданыстағы болған жоғарыда аталған ҚРЖоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 6-тармағында, егер тиісті қылмысты бірлесіп жасауға алдын ала келіскен екі немесе одан көп пара алу субъектісі қатысса, онда параны алдын ала келісім бойынша бір топ адам алды деп есептелінеді. Осы ретте параны ең болмағанда пара алу субъектілерінің біреуі алған сәтінен бастап қылмыс жасалынды деп есептеледі және бұл жерде пара берушінің параны алуға пара алудың бірнеше субъектілерінің қатысқандығын білген-білмегенінің қажеті жоқ деп көрсетілген.

Осыған тектес талаптар ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 жылғы «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» №8 нормативтік қаулысының 12-тармағында да белгіленген.

Іс бойынша анықталғандай 4 000 000 теңгені Жолдыбаев сотталған Ахметалиевтің тапсырмасымен тексеруді «Общепит Мангистау» Серіктестігінің пайдасына шешіп беру үшін есепші Гобозовадан пара ретінде алуынан екеуінің қылмысты адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласып жасағандары, яғни Ахметалиев бірінші рет 2 700 000 теңге сұра, екінші рет 4 000 000 теңгеге көбейтерсің дегені, әрқайсысының нақты рөлі болғандары. Сотталған Жолдыбаев толық соманы алған соң, яғни 4 000 000 теңгені өз автокөлігінің ішінде Ахметалиевке берген, ол өз кезегінде сол сомадан 2 360 000 теңгесін өзінің сумкасына салып алған.

Сотталған Жолдыбаев өз жауаптарында 4 000 000 теңгені Серіктестіктің өкіліне Ахметалиевтің тапсырмасымен талап еткенін. Расында, пара ретінде алған бірінші 700 000 теңгені ол өз ағасына алдын ала берген, алайда ұсталғаннан кейін аталған ақшаны қайтарғанын. Соңынан 4 000 000 теңгені ол Ахметалиевке өз автокөлік ішінде бергенін қуаттаған.

Осыған орай Ахметалиев пара алуға оқталған деген тұжырыммен келісуге болмайды. Себебі, ол ақшаны иелік етуге толық мүмкіндігі болған, өйткені ақшаны алғаннан кейін уақыт өткен соң қаржы полициясы қызметкерлерімен ұсталған.Сол сияқты, Жолдыбаевалғашқы 700 000 теңгені алған сәтінен бастап ол Ахметалиевпен бірге алдын ала сөз байласып, адамдар тобы болыппара алған деп санауға жатады.

СондықтанАхметалиевтің қылмыстық әрекетін кассациялық сот алқасымен пара алуға оқталған деп дәрежелеуі негізсіз.

Сонымен қатар кассациялық алқа сотталған Ахметалиевтің жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларға жұмыс орнынан жақсы жағынан мінезделетіндігі, Департамент басшысының сотталғанның ұзақ уақыт кіршіксіз қызмет жасағандығы, қызмет барысында тек алғыстар алғаны жөніндегі сипаттамасы, бұрын сотталмағандығы, материалдық залалдың болмауы, қылмыстық әрекетте екінші дәрежелік рөлі, қылмыстың аяқталмауы, отбасы жағдайы:  асырауында 80 жастағы анасы, мектеп жасындағы екі баласы бар екендігі, олардың тұрмыстық жағдайының нашарлауын ескеріп, оларды ең төменгі шектен төмен жаза тағайындауға мүмкіндік беретін ерекше мән-жайлар деп танып, ҚК-тің 55-бабын қолдану арқылы Ахметалиевке 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына төмендеткен.

Кассациялық сот алқасының бұл тұжырымы да негізсіз болып табылады, өйткені сотталған Ахметалиев өзінің жасаған қылмысын мойындамаған, кассациялық шағымында үкімді және апелляциялық қаулының өзіне қатысты бөлігін бұзуды сұраған, яғни ол өзінің жасаған қылмысын әлі күнге дейін мойындамай отыр.  Қолданыстағы ҚК-тің бабында нақты жоғарыда көрсетілген негіздермен сотталғанның жазасын жеңілдетуі көзделмеген және қаулыда ҚК-тің 55-бабының қандай бөлігі және тармағы екендігі көрсетілмеген.Жаңа

ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 жылғы «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» №4 нормативтік қаулысының 7-тармағында ҚК-тiң 55-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тиiстi бапта белгіленген төменгі шектен төмен жаза тағайындауға не қылмыстық құқық бұзушылық сараланған ҚК-нің бабының санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауға немесе міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жазаны қолданбауға тек қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілiк дәрежесiн едәуiр азайтатынерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтың жасаған қылмысына сыбайлас қатысушы топтың жасаған қылмыстарын ашуға белсене жәрдемдескен кезде ғана жол беріледі.

Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да және жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесінің төмен екенін және сотталушының оң әлеуметтік-адамгершілік бейнесін айғақтайтын жасалған іс-әрекетке, сотталушының жеке басына қатысты өзге де мән-жайлар ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

Сот iс бойынша анықталған мән-жайлардың нақты қайсысын ерекше мән-жайлар деп танитынын және оларды ҚК-тiң 55-бабын қолдану кезінде кінәлінің жеке басы туралы қандай деректермен ұштастырып негізге алатынын үкiмде әрбір сотталушыға қатысты көрсетуге мiндеттi.

ҚК-тiң 55-бабын қолдану арқылы сот белгілеген жазаның мөлшері жазаның осы түрі үшін заңмен белгіленген шектен кез-келген жағдайда төмен болмауға тиіс.

Іс бойынша сотталғанның әрекетінде ерекше мән-жайлар анықталмаған, оның жасаған қылмысы топпен жасалған, оның үстіне ол қылмыстың ашылуына ешқандай белсене жәрдем бермеген, сонымен қатар осы күнге дейін өзінің кінәсін толық мойындамаған, оның қылмысы сол мезгілде аса ауыр қылмыстар санатына жатқан. Керісінше, осы үкіммен сотталған Жолдыбаев іздестіру шараларына өз еркімен көмектесіп, пара алуға итермелеп кеңес берген өзінің басқарма басшысы Ахметалиевтің қылмыстық әрекетін әшкерелеуге келісім берген.     

Сондықтан, кассациялық сот алқасымен ҚК-тің 55-бабын қолдану арқылы Ахметалиевке тиiстi бапта белгіленген төменгі шектен төмен жаза тағайындалғаны негізсіз.

Жоғарыда көрсетілгендей, сотталған Ахметалиевтің әрекеті ҚК-тің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сараланғаны дауланбайды.

Осыған орай іс бойынша екінші сотталған Жолдыбаевтың да әрекетін ҚК-тің аталған баппен саралау қажет, өйткені оның әрекетінде лауазымды адамның, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу қылмысының құрамы бар.Сонымен қатар оған топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескендігі үшінҚК-тің 55-бабы 4-бөлігінің негізінде ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн.

Іс бойынша сотталған тұлғалардың іс-әрекетін дұрыс сараламау жәнесот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі заңға қайшы сот актісін қабылдауға әкелген.

ҚІЖК-нің 484-бабы 1-бөлігінің1-тармағын, 485-бабы 1-бөлігінің3, 5-тармақтарын, 486-бабының 2-бөлігін, 487-бабының 2-бөлігін, 494-бабы 7-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып,

СҰРАЙМЫН:

Ахметалиев Сериккали КатимгалиевичпенЖолдыбаев Нурлан Сериковичке қатысты Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы  26 тамыздағыүкімін,Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 27 қарашадағы жәнеМаңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылғы 30 қыркүйектегіқаулыларын өзгертуді.

С.Ахметалиевтің қылмыстық әрекетінҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қайта саралап, мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырумен 8 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын өтеуді жалпы режимдегі түзеу колониясында белгілеуді.

Н. Жолдыбаевтың қылмыстық әрекетінҚК-тің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қайта саралап, ҚК-тің 55-бабының негізінде мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге қаржы саласындағы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырумен 5 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын өтеуді жалпы режимдегі түзеу колониясында белгілеуді.

Сот актілерінің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыруды.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

Ескерту: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасының 23.02.16ж. қаулысымен наразылық қанағаттандырылды. 

Размер шрифта
Обычный размер
Большой размер
Огромный размер
Цвета сайта
Черным по белому
Белым по черному
Темно-синим по голубому
Изображения
Включить/выключить изображения
Настройки
Настройки
Обычная версия
Обычная версия
Орфографическая ошибка в тексте:
Чтобы сообщить об ошибке автору, нажмите кнопку "Отправить сообщение об ошибке". Вы также можете отправить свой комментарий.