Тексеріс субъектілері мен объектілерінің бірыңғай реестры

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тексеру субъектілері/объектілерінің біріңғай тізілімі

 

Бизнесті қорғау біз үшін басты мақсаттардың бірі болып табылады. «Тексеру субъектілері/объектілерінің біріңғай тізілімі» (бұдан әрі – ТСОБТ) жобасы кәсіпкерлік салалсындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізудің айқындылығына қол жеткізеді.

Бұл жоба тексерудің субъектілері мен объектілері (мекен-жайы, санаты, тобы), олардың белгілі бір тәуекелділік санатынаты жатқызылуы (балдар саны, тәуекелділік дәрежесі), тексеру тарихы туралы мәліметтерді сақтайды, ол бақылаушы органдарға – назарды тек бұзушылықтарға аудармай нақты тексерулерге шығуға, ал тұтынушыларға – көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Заңсыз тексерілулерді болдырмау және жұмысты реттеу мақсатында жыл сайын кестелер құрылуда, оларды әзірлеуге 8 мыңнан аса мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмылдырылуда. Тексеру кестелері қағаз үлгіде жасалып бекітілуде, ал ақпараттарды жинау төмендегі органнан орталық аппаратқа дейін жүргізіледі. Егер құжаттарды дұрыс жасалмаған жағдайда теркелуі мен дариялануына жауапты уәкілетті орган қайта рәсімдеуге кестені кері қайтарады.

Нәтижесінде тексерулер кестелерін бекіту процессі созбалаңдыққа айналады, мемлекеттік органдар олардың қызметіндегі тәуекелді ескере отырып, тексеру объектілерін анықтау процесімен жүктелген, ал кәсіпкерлер негізсіз және жүйелі түрдегі бизнес тексерулерінен қорғалмаған.

Сонымен қатар, мәселе әрбір тексеру органдары бекітілмеген жоспармен тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық базасының алуан түрлілігінде.

Алдағы тексеру туралы кәсіпкер тек сол хабарламамен танысқан  сәтте біледі және қандай критерийлар бойынша оның қызметі тексерілетіні туралы, тексеруді кім жүргізетіні жене т.б. ақпаратты білу мүмкіндігі болмайды.

Дәл осы проблема кәсіпкерлер арасында талқылау объектісі болып табылады, оларға бизнестің дамуы үшін кедергілер тудырады, осы жайлы құқық қорғау органдарына түскен шағымдардың ағыны дәлел.

ТСОБТ заңдылықты бұзушылықты азайтуға мүмкіндік береді, енді  деректерді қалыптастыру сатысында барлық заңсыз және негізсіз тексеру әрекеттерін жүргізудің жолы кесіледі. Бұл прокуратура органдары және мемлекеттік органдар үшін, және де кәсіпкерлердің өздері үшін де  процесстің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бизнесте жүргізілген тексерудің нәтижесіне ғана емес шағымдануға мүмкіндік бере шектелмей, сонымен қатар оны тексеру үшін іріктеудің бастапқы процесстерін де бақылай алады.

Қазір ТСОБТ шеңберінде тексерістің басталғанынан бастап шаралар қабылданғанға дейін барлық процесс автоматтандырылған.

Тексеруге жататын кәсіпкерлерді жүйе анықтайды және тәуекел аймақтарына қосады. Осылайша адами фактор жойылады.

Сонымен қоса жүйе ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескереді.

2019 жылға дейін 5 модульден тұратын (1- тексеру, 2- тізілім, 3- график, 4- есеп, 5- басқару) жүйені жүзеге асыру жоспарлануда.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық мемлекеттік органдарда «Тексеру» модулі іске қосылды. 12 897 тексеру электронды нысанда тіркелді.

Кәсіпкерлер үшін жүйенің артықшылықтары төменде көрсетілген:

  • Тексеруді тіркеудің ашықтығы;
  • Автоматтандырылған графикті қалыптастыру;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі;
  • Тексеру нәтижесімен онлайн режимде танысу мүмкіндігі;

Сонымен қатар, кері байланысты ұйымдастыру мақсатында, кәсіпкерлерді қорғауға және көмекке бағытталған «Qamqor» мобильді қосымшасы әзірленді.

Кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы туралы барлық мәлімет көрсетіледі.

Кәсіпкерге заң бұзушылықтар туралы онлайн режимінде прокуратураға шағым жіберуге мүмкіндік берілген.

Мұндай жаңашылдықтар:

-негізсіз тексерулерді жою;

-ресурстарды және уақытты үнемдеу артықшылықтарына ие.