• Аты-жөні: Кулдербаев Жандос Тынымбекович
    Дата: 03.02.2014 16:08:10
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! Сізге қояр сұрағым, мен әскери салада қызмет етудемін.Кіші офицер-шенім капитан.Мен прокуратура саласына ауыса аламын ба және заңгерлік квалификациям,яғни дипломым бар.Әскери шен сакталады ма және кандай конкурстық талап ережелері бар.Сұрақ қойғаныма кешірім сұраймын және жауабыңызға алдын ала рахметімді айтамын.Жандос Тынымбекұлы
    Жауап:
    Құрметті Жандос Тынымбекович! Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7 бабына сәйкес құқық қорғау органдарына қызметке тұру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы №89 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеліп, 2013 жылы 17 қарашада қолданысқа енгізілді. Прокуратура органдарына қызметке тұру бойынша қажетті ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтындағы «Прокуратура» бөлімінен таныса аласыз.
  • Аты-жөні: Алтынбеков Бекжигит Сраилович
    Дата: 28.01.2014 13:10:23
    Сұрақ:
    Мен 30.10.2012 жылдан бері Ақтау қаласындағы "Қазақ геофизика компаниясы" ЖШС-де көлік жүргізуші болып жұмыс істеп келемін.2013 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларына айлық жалақымды алған жоқпын. Ақша жоқ деген сылтау айтудан шаршамайды. Сізден өтініш 3 айлық жалақымды алуыма көмек берсеңіз.
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Маңғыстау облысы бойынша Әділет департаментінің мәліметіне сәйкес «Қазақ геофизикалық компаниясы» ЖШС-і (бұдан әрі – мекеме) Қызылорда облысында тіркелген, алайда соңғы анықталған мәліметтерге сәйкес мекеме қазіргі таңда Алматы қаласында жұмыс жасайды. Ақтау қаласында мекеменің тек құрылымдық бөлімшесі жұмыс атқаруда және құзіретіне жұмысшыларға жалақы беру сұрағы кірмейді. Бұл сұрақпен Алматы қаласындағы басты мекемесі айналысады. Соныман қатар, қазіргі таңда, Маңғыстау облыстық прокуратурасының араласуымен, Сізге берешек еңбек жалақысы 25.02.2014 жылы толығымен төленді.
  • Аты-жөні: Нусипбаева Жаксыкул Жамаевна
    Дата: 21.01.2014 00:16:05
    Сұрақ:
    Неге сіздердің ресми сайттарыңыздағы электрондық өтініш беру порталы дұрыс жұмыс істемейді, барлық жолдарды толтырып, файлды жүктеп ОК-ді бассаң, курсор айналып тұрып алады? Күте-күте шаршайсың да айналып болғанын, соңында сайттан шығып кетесің.
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сіздің сұрағыңыз бойынша сізге Бас прокуратураның техникалық қолдау қызметіне (7172) 71-26-72 қоңырау шалу керек.
  • Аты-жөні: Рахымжанова Гүлнар Орикбаевна
    Дата: 12.09.2013 20:16:14
    Сұрақ:
    Құрметті Бас Прокурор!Сізге шағымдану себебім;Осы жылдың 22.05.13ж №2325 санды электронды хатты Қарағанды облыстық прокуратурасына жолдаған едім.Ол хатты Ақадыр кенттік сот орындаушылардың заңсыз әрекеттерінің құрбаны болып отырғанымды баяндап көмек берулерін сұраған едім.Алайда осы күнге дейін бірде-бірлет жауап ала-алмай отырмын.Электронды сұрақ қою мүмкіндігін бірінші рет қолданып отырған жоқпын,алайда мынадай масқараны көрмедім.Осы уақытқа дейін жауап болмаған соң 08.08.13ж №3351 санды тағыда хат жолдадым тағыда үнсіздік,сосын 02.09.13ж №3665 санды хат жолдап Бас Прокуратураға арызданатынымды жаздым.Осы уақыт бойы жіберілген хаттарым оқылымда жүрген болатын,соңғы хатымды жіберген соң Облыстық прокуратура бар хаттарымды алып тастады.Қайда барсаң онда бар дегеннің кері болды,осы жайт бойынша маған көмек беруіңізді сұраймын.Заңды белшесінен басқан осындай азаматтардың бары қарнымды аштырады,сот орындаушылардың Облыстық басшыларынада 05.08.13ж электронды арыз жолдадым оларда бүгінгі күнге дейін селт етер емес.Прокуратураға сеніп жүргендегі жерім осы болды,сонда қайдан әділдік іздерімді білмеймін... Менің осы жан айқайымды аяқсыз қалдырмауыңызды сұраймын және заңда көрсетілген мерзімде маған жауап беруіңізді сұраймын.
    Жауап:
    Құрметті Гүлнар Орикбаевна! Сіздің сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері туралы Қарағанды облыстық прокуратурасына жазған арыздарыңыз қаралып, осы жылдың 28 маусымында электронды мекен-жайыңызға жауап жолданды (шығыс №2-08280-13-09005). Қарау барысында, прокуратура органдарымен атқару өндірісінің заңдылығына тексеріс жүргізіліп, прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылған. Қазіргі уақытта борышкердің атында жер уческесі тіркелгендігі анықталуына байланысты, Шет ауданының №2 сотының 25.06.2012 жылғы ұйғарымының негізінде Сіздің есеп шотыңызға ай сайын 10 000 теңге көлемінде қаражат аударылып отыр. Сонымен қатар, прокуратурамен атқару өндірісінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша сот орындаушысы Б.Қанатовқа қатысты тәртіптік өндіріс қозғалған. Сіздің бұрынғы жазған арыздарыңызға жауап алмағандығыңыз жөнінде, соңғы жазған арызыңыз бойынша электронды мекен-жайыңызға қайта жауап жолданды. Арызды қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, сұрағыңызды блогқа орналастырар кезде танысатын Келісім талаптарының сақталуын ескере отырып, Сіздің прокуратура органдарына өтінішіңізді арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы қайта арыздану құқығыңыз бар.
  • Аты-жөні: Сапарханов Серипхан Аязханович
    Дата: 06.09.2013 13:56:46
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе! 2013 жылдың 21-22 шілдесінде сізге және Алматы қалалық прокуратурасына бірнеше рет арыз түсірген болатынмын, алайда 2 ай болды, арыздарыма жазбаша жауап жок. Мен 2013 жылдың 23 қаңтары күні таңғы 7-30 да жүрегім ауырып, жедел жәрдем шақырдым, келген жедел жәрдем мені ауырып жатқан күйімде қалдырып кетті, ауруханаға жеткізбеді. Артынан тағы да жедел жәрдем шақырдым, екінші рет келген жедел жәрдем мені Алматы қаласындағы Алматы қалалық кардиологиялық орталығына жеткізді, ауыр халде жеткізілдім, нәтижесінде мен общирный инфаркт алдым, жедел түрде маған операция жасалды. Дәрігерлер менің бірінші жедел жәрдеммен неге келмегенімді, казір кеш жеткізіліп жатқанымды айтты. Егер бірінші жедел жәрдем ісіне салғырт қарамағанда мен уақытылы ауруханаға жеткізілер едім және маған операция жасалмас та еді. Бұл бірінші келген жедел жәрдемнің істеген үлкен қателігі болды деп білемін, мені өлім мен өмірдің ортасында қалдырып кетті, өз ісіне салғырттықпен қарады. Осы аталған мәселелер бойынша Алматы қалалық Бостандық аудандық ІІБ на арыз түсірген болатынмын, алайда арызым қанағаттандырылмай, қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, істі қысқартты.Содан соң мен Алматы қалалық Бостандық аудандық прокуратурасына шағымдандым, прокуратура ІІБ –мен бірге келісіп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отыр, маған берген жауабында сараптама тағайындау керек деп көрсеткен, алайда өздері сараптама тағайындамай істі созып, қарамай отыр. Жоғарыда аталған заңсыздықтар бойынша аталған лауазым иелеріне шара қолданып, қылмыстық жауапқа тартуыңызды және іс бойынша қылмыстық іс қозғауға ықпал тудыруыңызды сұраймын. 87014109898; 87019435485 Алдын-ала рахмет!
    Жауап:
    Құрметті Серипхан Аязханович! Сіздің Алматы қаласы бойынша Жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына түскен арызыңыз Алматы қаласының прокуратурасымен қаралды. Қарау нәтижесі бойынша осы жылдың 15 тамызында Сізге жауап жолданды (шығыс №2-17070-13-21587). Арызды қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, сұрағыңызды блогқа орналастырар кезде танысатын Келісім талаптарының сақталуын ескере отырып, Сіздің прокуратура органдарына өтінішіңізді арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау немесе www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы қайта арыздану құқығыңыз бар. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Сонымен қатар, өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықпен регламенттелгенін түсіндіреміз (20.01.2012 жылғы №4 бұйрықпен бекітілген). Нұсқаулықтағы белгіленген талаптарға сай, Бас Прокуратураға өтініш берген жағдайда оған облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың жауабы қоса тіркелуі керек. Сондай-ақ, облыстық және оған теңестірілген прокуратураларда өтінішерді қарау тәртібі аталған Нұсқаулық талаптарымен реттелген (арызданушы келіспейтін бір сұрақ бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы аудан прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың жауабы болуы қажет).

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.