You are here

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді. Осы киелі мейрам біздің еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді және фашизмге қарсы кеңес халқының табандылығы мен ерлігінің рәмізі болып мәңгілік қала береді.

1945 жылдың мамыры бізден алыстап барады, әскери сапырылыстың ауыртпалығын өз иықтарымен көтеріп шыққан соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлері азайып барады. Бірақ халықтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі біздің әкелеріміз бен аталарымыз үшін қаншалықты қымбатқа түскенін біздер әрдайым есте сақтаймыз.

Ұлы Отан соғысының жылнамасына қазақстандық майдангерлер де өшпес із қалдырып, ерліктің өнегесін көрсетті. Олардың арасында прокуратура қызметкерлері де бар еді. 885 прокуратура қызметкерінің жартысына жуығы Отанды қорғау үшін соғысқа кетті, олардың көпшілігі майдан алаңынан оралмай қалды.

Шайқаста жасаған ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған бес жүз қазақстандық жауынгердің арасында прокуратура қызметкерлері де бар.  

Олардың бірі - аты аңызға Бауыржан Момышұлы. Ол еңбек жолын Жамбыл облысының Жуалы ауданы прокуратурасының халық тергеушісі ретінде бастаған. Ұлы Отан соғысындағы генерал Панфилов дивизиясының құрамында фашистерден Мәскеуді қорғау барысындағы қиян-кескі шайқаста көрсеткен жанкешті ерліктері оның атын аңызға айналдырған еді. Бауыржан Момышұлына қайтыс болғаннан кейін 1990 жылдың 24 желтоқсанында Кеңес Одағының Батыры және 1994 жылы Халық Қаһарманы атақтары берілген.

Гурьев (Атырау) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке қарай ол награданы алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда жауынгер майдан даласында ерлікпен қаза тапты.

Соғысқа дейін Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болып қызмет істеген Нүркен Әбдіров соғыс кезінде жау эшелонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылғы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы қаза болғаннан кейін берілді.

Ұлы Отан соғысының майдан алаңдарында қолдарына қару алып шайқасқандардың қатарында Өтеген Сейітов, Хасен Жампейісов, Иван Лепихин, Әбдіманап Байымбетов, Шамиль Абдуллин, Евгений Будон, Жәрмедет Елемесов, Владимир Орлов, Өмірзақ Құлахметов, Константин Юдин, Мария Юшкина, Сабыр Аманчин, Илья Колебаев, Михаил Помигалов, Михаил Данилов, Владислав Семенов, Николай Петров, Бейхан Сабалиев, Бекмұхамет Шермұхаметов, Ыдырыс Медеуов, Сапар Дүйсенов,  Қайролла Махтаев, Иван Гапич, Анатолий Куропятник және басқалары болатын.

Соғыс аяқталған соң көптеген майдангерлер өз тағдырларын прокуратура органдарымен байланыстырып, өмірлерін қылмыспен күреске арнады.

Біздер соғыстың сұрапыл жолдарын жүріп өткен және өз өмірлерін заң мен құқыққа арнаған ардагерлеріміздің алдында бас иеміз. Қазіргі ұрпақ үшін олардың соғыстағы және еңбектегі жүріп өткен жолдары шынайы патриотизмнің үлгісі ретінде қызмет етеді.

Жеңіс Күнінің мерейтойы қарсаңында «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты жаңа айдар ашып отырмыз, мұнда соғысқа қатысқан прокуратура ардагерлері туралы және олардың қайсар ерліктері жөнінде айтылатын болады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.