You are here

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Степанович Гапичтің естелігінен

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлы Отан соғысының ардагері,
Мәскеу қаласындағы Қызыл Алаңда
1945 жылы 24 маусымда өткен Жеңіс
парадына қатысқан

Иван Степанович Гапичтің естелігінен

Ұлы Отан соғысына маған неміс-фашистік жаулап алушылармен 1941 жылдың қараша айынан 1945 жылдың 9 мамыры, яғни оның жеңісті аяқталуына дейін қатысуға тура келді.

КСРО-ға фашистік Германияның жаулап алуымен келуін естіген кезде мен өзім қатарлас құрбыларым да сияқты, әсіресе Кеңес патриотизм және Отанына деген шексіз сүйіспеншілікпен тәрбиеленген комсомолецтар сияқты майданға еріктілер ретінде жіберуге сұрандық.

Мен ол кезде кәмелеттік жасқа толмағандықтан өтінішімнен бас тартты. Көп ойланбай-ақ мен өзімнің куәлігімде 1924 жылдан 1923 жылға өзімнің туған жылымды ауыстырып, әскер қатарына жолдауды әскери комиссардан сұрадым.

Алайда, әскери комиссар келесіні айтты: «...тәжірибелі қарсыласушымен күресетін күшті әскер болу үшін әскери істе білімі болу керек, ал сенде ол жоқ, сондықтан оқуға тура келеді...». Сөйтіп майданның орнына мені Ташкенттік әскери байланыс мектебіне оқуға жіберді.

Тек радиотелеграфист әскери мамандығын алғаннан кейін мен 1941 жылдың қараша айында басқа да курсанттармен бірге Мәскеу қаласында орналасқан 551 байланыс батальонына жолдандым. Бір аптадан кейін әрмен қарай әскери қызметті өткеру үшін Батыс фронт штабын әскери бөлімдер мен тікелей қарсыласушымен күресіп жатқан және астанамызды осынау қиын уақытта қорғағандарды байланыспен қамтамасыз еткен бөлек тұрған 375 радиодивизионына іссапарға жіберді. Осы жерде Мәскеудің қасында жеңілмейтін фашистік әскердің «аңызы» жерге көміліп, біздің әскеріміздің Батысқа қарай бет алуы бастау алды.

Мен үшін қиын сәттер жарты жыл бойына жаудың тылында, Смоленск облысының аумағында әскери құрылымның құрамында өтті. Бұнда мені отряд командирі А.И.Гарусовтың сұрауы бойынша оның радистінің қайтыс болуынан кейін ұшақпен жеткізді.

Осыдан бастап менің қауіп-қатерге толы әскери өмірім басталды. Мен фашистік гарнизондар мен комендатураларды қиратқан, әскери құрал-жабдықтар мен азық-түліктерді жойған, темір жолдарға миналарды салған, күші бар эшелондар мен техникасын қиратқан отрядтың әскери операцияларына тікелей қатыстым. Жауға келтірілген шығын мен алынған мәліметтер туралы мен жиі радиобайланыс арқылы фронттың штабына жеткізіп отырдым.

Жаудың тылында тапсырманы үлгілі орындағаным үшін мен бірінші сондықтан да ең қымбатты «Ерлігі үшін» медальмен марапатталдым.

Кейін менің фронттық жолдарым Мәскеу маңы және Смоленщина, Беларуссия және Балтия жағалауы арқылы өтіп, фашистік Германияның аумағында Шығыс Пруссияда аяқталды. Әлі күнге дейін Смоленск және Оршу, Минск және Вильнюс, Каунас және Гумбиден, әсіресе Прусстық цитаделі, қала-қоршау Кёнинсберг үшін қанды қақтығыстар есімнен кетпейді.

Орша тұсында – ірі темір жол торабында қатаң қақтығыстар орын алды. Адамдардан айырылып қалмас үшін Оршаны солтүстік жағынан өтіп, Батысқа қарай жаудың жолын жабуға шешім қабылданды, бұл майданнан келетін әскерилерге жолдарын жеңілдету үшін жасалды.

25 маусымда қарсыласушының біздің позицияларымызға артиллериядан оқ ату кезінде менің радиостанциям бұзылып, өзім жарақат алдым. Сәті түскендей менің контузиям жеңіл болып, 5-ші күні мен медсанбаттан шығып, қайтадан қатарға қосылдым.

Қаланың көшелерінде қақтығыстар ушығып тұрды, бірақ ақырында жау гарнизоны жеңіліп, қала біздің әскерлермен алынды. Айрықша белгінген бөлімдерге Жоғары қолбасшы И.В.Сталиннің бұйрығымен «Оршанских» атауы беріліп, ордендермен марапатталды. Осы күннен бастап менің дивизионым «375-ші Қызыл Жұлдыз орденді дербес Оршанский радиодивизионы» атағы берілді.

Оршаның артынан дивизион Белоруссияның астанасы – Минск, Литваның астанасы – Вильнюсты босату қақтығыстарына қатысты. 1944 жылдың күзінде біздің әскеріміз немістердің қоршауын бұзып, Германияның мемлекеттік шекарасына шықты, Шығыс Пруссияның аумағына енді.  Алдымызда Кенинсберг болды. Қаланы дот, дзот және форт желілері қоршап тұрды. Фашистер соңғы дем алысына дейін күресті. Тек 5-ші күні ауыр артиллерия, танк және бомбардирлік авиацияның көмегімен гарнизонның қарсы тұруы бұзылып, Шығыс Пруссияның астанасы неміс-фашистік милитаризмнің жемісі штурммен алынды.

Бұл Ұлы Жеңіс еді. Алайда фашистік Германияның қирауындағы соңғы нүктені Берлиндік операциясының көлемі бойынша үлкен әскерлер Жеңістің Туын Рейхстагтың төбесіне орнатқан әскерлер қойған еді.

8 мамырда Германияның өкілдері оның қарулы күштерінің сөзсіз капитуляциясы туралы актіге қол қойды, ал 1945 жылдың 9 мамырында Кеңес Армиясының әскерлері, бүкіл Кеңес халқы, басқа да елдердің халықтары шексіз қуаныштарымен Жеңіс Күнін тойлады.

Соғыстың аяқталғанына қатты қуандық, өзіңнің тірі қалғанына, әскери антты сақтай отыра Отаныңның алдында адал міндетіңді атқарғанына, қиын кезеңдерінде фашистік жаулап алушылардан оны қорғап, өзіңнің еңбегің үшін жоғары мемлекеттік наградалар - әскери ордендер мен медальдармен марапатталғаның үшін қуанышты болдым.

Сол кездің маңызды оқиғасы Жеңістің Мәскеу қаласында 1945 жылдың 24 маусымында тарихи тойлануы еді. Оған мен де қатысып көргенмін.

Шеруде ерекше белгіленген өкілдерінен тұрған әскери полктер қатынасты.

Шеруде әйгілі К.К.Рокоссовский басшылық етіп, ал Шеруді әйгілі кеңес полководец Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков қабылдады.

Кремль Куранттары он рет Мовзолейдің мінбесіне соққаннан кейін Жоғары Бас қолбасшы И.В.Сталин, мемлекеттің басқа да басшылары және құрметті қонақтары шықты. Маршал Г.К.Жуков маршал К.К.Рокоссовскиймен бірге полктерді айналып өтіп, әскерлермен амандасып, фашистік Германияны жеңгендерімен құттықтады, «УРА!» деген ұранмен Мовзолейдің мінбесіне шықты.

Маршал К.К.Рокоссовскийдің бұйрығы бойынша әскери полктердің мерекелік маршы басталып, әрбіреуінің басшылығымен әскери Тудың салтанатымен әскери басқарушылар жүріп келді, құрамында мен де болған Балтық фронтына маршал И.Х.Баграмян басшылық етті.

«УРА!» ұраны мен қол соғулармен Қызыл Алаң трибунасында жиналғандар және әскерлер Жеңіс Туын қарсы алды, Лениндік Мовзолей алдында оны Кеңес Одағының батырлары Егоров және Кантария, Берлиндегі Рейхстагққа қойған адамдар ұстап келді.

Шеруде бұдан басқа маңызды тағы да бір оқиға болып өтті. Музыка кенеттен басылып, барабандардың үнімен неміс-фашистік армиясының әскерилерінің колоннасы шықты. Шеренгамен әскерлер Мовзолейға бұрылып, гитлерлік армиясының ұрыс кездерінде штандарттары мен Туларын лақтырды.

Бұл оқиға Қызыл Алаңда қатысушылардың жүректерін мақтаныш сезімімен толтырды, себебі Кеңес Армиясы, Кеңес Халқы ауыр және қатыгез соғыста адам тарихындағы соғыстардың, соғысында жеңіспен аяқтады.

Әскерден демобилизацияланғаннан кейін 1947 жылы мен Алма-Аталық заң институтына оқуға түсіп, бітіргеннен кейін менің тағдырым Қазақстанның прокуратура органдарындағы жұмыспен байланысты, мен онда 35 жыл бойына еңбек еттім.

Еңбек қызметім Қарағанды облысының прокуратура органдарына басталып, Шахтинск ауданы прокурорының көмекшісі, қалалық прокуратураның аға тергеушісі, кейін облыстық прокуратураның тергеу бөлімінің прокуроры ретінде қызмет еттім. 1955 жылы Қарағанды қаласының Сталинск ауданының прокуроры қызметіне тағайындалдым, кейін Оңтүстік-Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Көкшетау облысының прокуроры, Қазақ ССР-ң аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі қызметінде болдым. Соңғы 20 жылдарда Батыс Қазақстан облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметінде еңбек еттім.

Осы уақыт бойына мен өзім таңдаған мамандығымды жақсы көрдім, шексіз оған адал еңбек етіп, өзімнің өмірімдегі маңызды бөлігін арнадым.

Қызметтік міндетімді адал орындағаным үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «ҚСРО прокуратурасының құрметті қызметкері» және «Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері» белгілерімен марапатталдым.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.