You are here

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді. Осы киелі мейрам біздің еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді және фашизмге қарсы кеңес халқының табандылығы мен ерлігінің рәмізі болып мәңгілік қала береді.

1945 жылдың мамыры бізден алыстап барады, әскери сапырылыстың ауыртпалығын өз иықтарымен көтеріп шыққан соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлері азайып барады. Бірақ халықтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі біздің әкелеріміз бен аталарымыз үшін қаншалықты қымбатқа түскенін біздер әрдайым есте сақтаймыз.

Жеңіс күніне арналған озық тақырыптық жұмыстар байқауының қорытындылары туралы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында Бас прокуратура қызметкерлер арасында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және тыл еңбеккерлеріне арналған озық тақырыптық жұмыстарға байқау жариялаған болатын.

Оның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ардақты есімдерін мәңгілік есте қалдыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті шыңдау және таңдаған мамандыққа деген адалдықты арттыру болып табылады.

Менің атамның екі соғысқа қатысып... Жеңіс күнін жақындатқаны туралы

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын осы Жолдауда ерекше атап өткен болатын.

Біз жеңімпаздардың ұрпағымыз. Соғыстан оралмаған солдат тағдыры туралы

Екінші дүниежүзілік соғыс адамазат тарихында бұрын-соңды болмаған қантөгіс, қайғы-қасірет және миллиондаған адамдардың қазасын әкелді.

1941 жылдың маусым айында Германия СССР-ға  соғыс жариялауымен Ұлы Отан соғысы басталып кетті, мыңдаған Кеңес Одағының азаматтары қан майданға аттана бастады.

Дала қарлығаштары

Соғыс жылдары небір ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қазақ қыздарының жеңісті жақындатуға лайықты үлес қосқанын бұл күнде ауыз толтырып айта аламыз. Оған бүкіл Шығыс халықтары ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын қазақтың қос қызы иеленгенін айтсақ та жеткілікті. Сонда олардың небәрі 18-20 жастағы жас шыбықтай солқылдаған бойжеткен екенін еске алсақ, тіпті, таңғаларлық жайт.

Жеңісті жақындатқан жауынгер

Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, көнекөз Шермұхамбетов Бекмұхамет атамыз 1925 жылдың 26 желтоқсанында Ақсу ауданы Жансүгіров поселкесінде дүниеге келген. Шермұхамбетов Бекмұхамет бұрынғы Чапаев (қазіргі Сиқымов) атындағы  орта мектепті тамамдаған. 1942 жылдың шілде айында 17 жасында комсомол ретінде әскер қатарына қабылданып, соғысқа аттанып, ауыр жараланып 1943 жылы елге оралады.

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Степанович Гапичтің естелігінен

Ұлы Отан соғысының ардагері,
Мәскеу қаласындағы Қызыл Алаңда
1945 жылы 24 маусымда өткен Жеңіс
парадына қатысқан

Иван Степанович Гапичтің естелігінен

Ұлы Отан соғысына маған неміс-фашистік жаулап алушылармен 1941 жылдың қараша айынан 1945 жылдың 9 мамыры, яғни оның жеңісті аяқталуына дейін қатысуға тура келді.

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, СОҒЫСТЫҢ ҚАЙСАР СОЛДАТЫ

 Ибраһим Иманов,
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры,
 3-ші сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі.

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, СОҒЫСТЫҢ ҚАЙСАР СОЛДАТЫ

Олардың ерлігі мәңгі ұмытылмайды

Нұрғалым Әбдіров
Ақтөбе облысының прокуроры

Олардың ерлігі мәңгі ұмытылмайды


Subscribe to RSS - Ұлы Жеңіске 70 жыл
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.