You are here

Жоламановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311 бабының 5 бөлігі және 235 бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмыс белгілерімен айыпталған Шекара қызметінің бұрынғы Директоры Н.А.Джуламановқа және 2458 әскери бөлімінің командирі К.К.Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.

Тергеу органымен Джуламанов және Балмағамбетов тауар және қызмет жеткізуге байланысты келісім-шарттарды жасау және орындау барысында коммерциялық кәсіпорындар өкілдерінің мүдделерін ұстанымды тықпалау жасағандығы, олардан ұйымдасқан топ болып, бопсалау арқылы аса ірі мөлшерде пара алғандықтары үшін айыпталады.

Қылмыстық істі тергеу барысында 300 млн. теңгеден астам сомаға айыпталушылардың мүліктеріне тыйым салынған.

29 желтоқсанда Бас әскери прокуратурамен Джуламанов және Балмағамбетов сотқа тартылып, қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотқа жолданған.

Бас әскери прокуратура

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.