You are here

Жер заңнамаларының сақталуын тұрақты бақылауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ата Заңымызда жер және жердің басқа да табиғи байлықтары қоғам өмірінің дамуының негізгі діңгегі делінген.

Сондықтан да, жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың нормалық талаптарын әрдайым жетілдіруге және мүлтіксіз сақталуына танытылған табандылық пен мүдделіктің нәтижесінде ғана жер ресурстарының тиімді пайдаланылуы мен тозуын болдырмауға қол жеткізетініміз сөзсіз.

Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында жер кодексінің қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Бұл талаптарды орындау мақсатында қалалық прокуратура жер қатынастары саласындағы заңдылықты бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік принципін ұстануда.

Қызылорда қалалық прокуратурамен жер заңнамаларының сақталуына қатысты үнемі түрде тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінің өзінде бұл бағытта талдау және азаматтардың арыз-шағымдарын қарау арқылы 1 547 заң бұзушылық фактілері анықталып, олардың 1 114 жойылып, мемлекеттік органдардың 382 заңсыз құқықтық актілерінің күші жойылуы мен өзгертілуі қамтамасыз етілді.  

Қалалық прокуратураның бір күндік өз бетінше жер учаскелерін иелену деректерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесімен, Титов қыстағында жеке тұлғалармен жер учаскелерін өз беттерінше иеленіп, онда тұрғын үй құрылыстарын салып, электр желілерін заңсыз қосып алған.

Сонымен қатар, жер учаскелеріне құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтардың тиісті мекемелерден рұқсат құжат алмастан жер учаскелеріне заңсыз ауыз су қосып алғандары анықталды.

Жер қатынастары саласынан туындаған барлығы 11 135 494 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Анықталған заң бұзушылықтардың басым көпшілігі ол, жер учаскесін табыстау және пайдалану барысында жіберілген заң бұзушылықтар болып табылады.

Биылдың өзінде қалалық прокуратураға жер мәселесіне қатысты 73 арыз шағым келіп түссе, оның 20 қанағаттандырылса,13-не заң талаптары түсіндіріліп, 40-ы қарау реттілігіне сәйкес жолданып, қанағаттандырусыз қалдырылған арыз шағымдар жоқ.

Атап өту қажет, қалалық прокуратураның ықпал ету актілері негізінде жер қатынастары бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтарға жол бергендері үшін атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.