You are here

Жемқор қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бейнеу ауданының прокуратурасымен 2014 жылдың қаңтар айында Бейнеу ауданында орналасқан «Ногайты мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай-мекеме) тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында, мекеменің директоры «Ж.Қ.»-ның 2012-2013 жылдары аралығында аталған мекемеде жұмыс атқармаған тұлғаға жалақыны негізсіз аудара отырып, қызметтік жалғандық жасау арқылы 449 560 теңгеден астам бюджеттік ақшаны иеленіп, ұрлағаны анықталды.

Атап айтқанда, мекеменің директоры «Ж.Қ.» 01.12.2011 жылы №42 бұйрығымен өзінің баласы «Б.Е.»-ты жүргізуші қызметіне жұмысқа қабылдаған. Содан кейін, «Ж.Қ.» «Б.Е.»-ның осы аталған мекемеде ешқандай  жұмыс жасамағанын біле тұра, қызмет бабын пайдаланып, жалған мәліметтер, яғни жалған сағаттарды енгізу арқылы 449 560 теңге қаражатты жалақы ретінде «Б.Е.»-қа аударып, бұл ақшаны өзінің пайдасына жаратып, иеленген.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурамен 20.01.2014 жылы «Ж.Қ.»-ға қарсы 2 қылмыстық іс қозғалды, яғни ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігі «г» тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу) және 314-бабының 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау).

Аудан прокуратурасымен қозғалған қылмыстық істер бойынша нұсқау беріліп, Бейнеу аймағы бойынша қаржы полиция бөліміне тергеу амалдарын ұйымдастыру үшін жолданылды.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.