Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Исатай аудандық прокуратурасымен ағымдағы жылы ауданда қызмет атқаратын «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның, «Сазанқұрақ» ЖШС, «Потенциал Ойл» ЖШС-нің және «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-нің қызметкерлерінің жоғарғы білім туралы құжаттарының шынайылығына талдау жүргізілді.

Анықталғандай, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның мұнай өндіру операторы А.Зулхашев көрінеу жалған құжатты пайдаланған.

Атап айтқанда, «Қ.И.Сәтбаев атындағы Казақ Ұлттық Техникалық Университеті» АҚ-ның жауабына сәйкес А.Зулхашев аталған оқу орнында «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша оқымаған және оған 08.06.2014 жылғы ЖБ-Б №0145695 сериялы жоғарғы білім туралы диплом берілмеген.

Бұл факті бойынша аудандық прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 385 бабының 3 бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде А.Зулхашев өзінің кінәсін толық мойындады, оның айтуынша жоғарғы оқу орнында оқуға қаражаты болмауына байланысты 2014 жылдың маусым айында Атырау қаласында белгісіз тұлғадан 260 мың теңгеге аталған жалған дипломды сатып алып, жұмыс орнына тапсырған. Исатай аудандық ішкі істер бөлімімен жүргізілген тергеп-тексеру амалдары нәтижесімен қылмыстық істер негізінен қарау үшін сотқа жолданған болатын.

Исатай аудандық сотының 23.06.2015 жылғы үкімімен А.Зулхашев ҚР ҚК-нің 385 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 122 884 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы тектес, аудандық прокуратурамен ағымдағы жылы жалған дипломды пайдаланудың 38 фактісі анықталып, құжаттар СДТТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 2 тұлға заңнамамен көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 35 адам ескіру мерзімінің өтуiне байланысты (аталған қылмыстық теріс қылықтар 1998-2013 жылдар аралығында жасалған), яғни ақтамайтын негіздермен  қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Исатай аудандық прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.