You are here

Заңсыз шағын несие беру жәйттері анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кентау қаласының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органында 2014 жылға «моноқала» Бағдарламамен бөлінген қаржыларының жұмсалу заңдылығына тексеру жүргізілді.

2014 жылға Бағдарламаның 2-ші бағытына байланысты бөлінген қаражаттарын игеруге кезінде қала әкімдігінің құрылымдық бөлімдерімен шағын несиелендіру кезінде қалалық жұмыспен қамту орталығымен 249 кәсіпкерлердің бизнес ұсынымдарын тіркеу барысында бұрмаланғаны және микроқаржы ұйымымен оларға байланысты қабылданған шешім жөнінде жазбаша хабарланбағаны анықталды.

Ең сорақысы, шағын несиені Кентау қаласына мүлдем қатысы жоқ тұлғаларына беру деректері анықталды. 

Мысалы, Түркістан қаласының «Ескі Иқан» аулының тұрғыны Ф.Абубакиров Кентау қаласында формальды тіркеуге тұрып, бизнес ұсынымы бойынша 3 млн.теңгеге заңсыз несиелендірілген.

Осы тектес, басқа аймақтан келген 12 үміткерлері шағын несие алуға құжаттарды тапсырып, бағдарлама қатысушылардың қатарына енгізілген.

Тексеру нәтижесімен жинақталған құжаттар Түркістан аймағы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасына жолданып, оның тергеуге дейін тексеру амалдары бақылауға алынды.

ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.