You are here

Заңсыз артықшылық жасап сыбайластыққа жол берген

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылқоға аудандық прокуратурасымен тексерісі барысында Көздіқара округінде орналасқан «Самал» мәдениет үйінде күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз артықшылықтар беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол беру фактісі анықталды.

Кәсіпорын директорының мемлекеттік сараптамадан өткізілген қаржылық сметадағы қызметті Серіктестікке заңсыз артықшылық көрсету мақсатында алып тастап, басқа әлеуетті өнім берушілер арасында қайта өткізу түріндегі заңсыз әрекеті нәтижесінде 195 500 теңге бюджет қаржысы артық жұмсалған.

Сондай-ақ, Кәсіпорын директоры өнім беруші «PCV GRUP» ЖШС-мен жасалған мемлекеттік сатып алу шартының қосымшасында көзделген жобалау құжаттамасын  дайындап, жеткізуді талап етпей, «мекеме ғимаратына өртке қарсы дабыл қаққыш орнату» жұмыстарын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасынсыз және мемлекеттік сараптама қорытындысынсыз жүргізілуіне жол берген.

Атап айтқанда, «Самал» мәдениет үйінде күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын кәсіпорын директоры А.Карабалиннің тарапынан мердігерге заңсыз артықшылық көрсетуден көрінген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа бірнеше рет жол берілгені анықталып, тәртіптік жауапкершілігін шешу мәселесі облыстық Тәртіптік кеңесте қаралып, мәселесі 20.01.2015 жылы 223 санды шешім негізінде Көздіқара округі әкімінің 26.01.2015 жылғы 14 бұйрығымен ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сай жұмыстан босатылған.

Қызылқоға аудандық прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.