Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар аясында Елбасының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау жүйесінің реформасын жүргізу бағытында одан әрі тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Мемлекет басшысы төртінші шақырылымдағы Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде «Құқық қорғау тәртібін нығайтудың маңызды аспектісі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы осы дерттің алғышарттарын болдырмайтын нақты нормалармен толықтыру қажет», - деп атап көрсеткен еді. сондықтан сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен табысты күресу үшін қысқа мерзім ішінде заңды күші бар нақты да айқын құқықтық нормалар базасын күшейту қажет деді.

Елбасы үнемі мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің жаңа басымдықтарына және мемлекеттік қызметте кадр іріктеу мәселесіне, қазіргі заман талабына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің ішіндегі басқару этикасын қалыптастыру өзектілігіне көңіл бөлуде.

2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген Үкімет мәжілісінде осы бағыттардағы шараларды шұғыл жетілдіріп, мемлекеттік қызметті жетілдірудің жаңа кезеңін бастау қажет екенін атай келе, Елбасы Үкімет алдына бірнеше міндет қойды: сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, кадрлық резервті қалыптастыру, мемлекеттік қызметті саяси және әкімшілік топтарға жіктеуді жалғастыру, ротациялық қағиданы енгізу.

2011 жылғы 21 шілдеде Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы» мемлекеттік қызметке жаңа серпін берді.

Осы тұрғыда мемлекетімізді нығайту жолындағы жетістіктерге жету үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру, халыққа қызмет сапасын арттыру ісінде әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс.

Облыс прокуратурасының

4-ші Басқармасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.