You are here

Сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан әрекеттер жасағаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Индер аудандық прокуратурасымен М.Сиранов атындағы орта мектебінде 2010 жылы және 2011 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан Республикасындағы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының қолданылуына және бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіліп, төмендегі заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, М.Сиранов атындағы орта мектебінің директоры     мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен жеңімпаз болып танылған жеке кәсіпкер А.Киммен 12 шілде 2010 жылы 1 дана «Уаз» автокөлігін 1930000 теңгеге сатып алу туралы  келісім  шартқа отырған.

2010 жылдың 2 тамыз күні келісім шарт бойынша 50 пайыз ақшаны, яғни 965000 теңгені өнім берушінің есеп шотына аударған.

Осы шарттың талаптарына сәйкес өнім беруші А.Ким аталған автокөлікті 15 күнтүзбелік күн ішінде жеткізуге өз міндетіне алған.

Алайда, өнім беруші А.Ким 965000 мың теңгені ала тұра,і өз міндетіне алған шарттарын орындамастан, осы мерзімге дейін автокөлікті тапсырыс берушіге жеткізілмеген.

Ал, тапсырыс беруші келісім шарттың 29 тармағына сай 492150теңге тұрақсыздық айыбы есептелініп, өндіру шараларын алмаған.

Сол сияқты мектеп директорымен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 Заңының 11 бабының 5 тармағының 5 тармақшасында көзделгендей, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мұндай әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет жіберуге және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті делінген талаптарын орындамаған.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен аудандық білім беру бөліміне көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс келтіріліп, оның қаралу нәтижесімен мектеп директоры сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан әрекеттер жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджет пайдасына 22000 теңге өндіріліп, қазіргі уақытта тұрақсыздық айыбын және мемлекетке келген залалды өндірумен  бірге оны жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу  жөнінде  сотқа  талап арыз беріліп, қаралу сатысында.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.