You are here

Сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық жазаға тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасымен Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының директоры А.Мейрбеков 2011 жылы ақылы қызметтен 957,9 мың теңге негізсіз және тиімсіз жұмсаса, 2012 жылы барлығы 1 476,4 мың теңгені Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік комбинат директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ә.Қатубаевтың атына алып, өз бас пайдасына жаратқан және 2013 жылы 762,5 мың теңге, барлығы  3 196,8 мың теңге негізсіз жұмсағандығы анықталды.

Аудандық прокуратурамен  30.06.2014ж. ҚР ҚК-нің 176 бап 3 бөлігінің «г» тармағымен Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының директоры А.Мейрбековке қатысты №14195801100015 қылмыстық іс қозғалды.

22.10.2014 жылы Райымбек ауданының №2 аудандық сотының үкімімен А.Мейрбеков ҚР ҚК-нің 176 бабы 3-ші бөлігі «г» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкi тәркiленбей, 5 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған 3 жыл сынақ мерзімі белгіленген, мемлекет бюджетіне 365700 теңге өндірілді.

Аталған қылмыстық іс бойынша прокурордың талап-арызымен сотталушы А.Мейрбековтен 30898 теңге мемлекет пайдасына өндірілген. 

Райымбек ауданының прокуратурасы   

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.