You are here

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның міндеті»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарлама дайындап, онымен күресуді барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Ата заңымызға сәйкес, елімізде жоғары қадағалауды жүзеге асырушы орган ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокуратура органдарының да кірпік қақпай күресуге тиісті ісі.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6 бабында «Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті»талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен күресуге тиіс.

Солай бола тұра, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол беру құқық қорғау органдарына үлкен айып.

Индер аудандық прокуратурасының бұл саладағы жұмыстарының нәтижесінде, үстіміздегі жылы аудандық ішкі істер бөлімінің 3 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, Индер аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы полиция капитаны С.Акжигитовпен В.И.Герасимовқа қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 468 бабының 1 бөлігімен (2015 жылға дейін қолданысты болған Кодекс) әкімшілік хаттама толтырылып, негізінен қарап шешім алу үшін құжаттарды Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық сотына жолдаған.

Алайда, жинақталған құжаттардың ішіне істі қарауға қажетті құжаттар, яғни оқиға болған жерді қарау хаттамасы, жол көлік оқиғасын жасаған көліктің техникалық жай күйін қарау хаттамасы салынбаған.

Осыған байланысты істі қарап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік болмауына байланысты 22.08.2014 жылғы Еңбекшіқазақ аудандық сотының ұйғарымымен іс құжаттар Индер аудандық ішкі істер бөліміне кері қайтарылған.

Дегенмен, прокурорлық тексеру кезінде аталған құжаттардың толықтырылып, сотқа қайта жолданбағандығы анықталды.

Бұдан басқа, Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 16.04.2014 жылғы ұйғарымымен А.Д.Берікқалиевқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 1 бөлігімен жинақталған іс құжаттары кемшіліктерді жою үшін Индер аудандық ішкі істер бөліміне жолданған.

Сәйкесінше, бұл құжаттар да кемшіліктері толықтырылып, сотқа кері жолданбаған.

Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 62 бабының талаптарына сәйкес, құқық бұзушылық жасаған адам, құқық бұзушылық жасаған уақыттан 2 ай мерзім өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын біле тұра С.Акжигитов сотпен қайтарылған іс құжаттарды кері жолдамай, құқық бұзушылардың жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылуына жағдай туғызған.

Бұл орайда, С.Акжигитовпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 бөлігінің 4 тармағында көрсетілген, шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуден көрінетін құқық бұзушылықтарға жол берілген.

Прокурорлық тексерумен анықталған заң бұзушылықтардың қорытындысымен Атырау облыстық прокуратурасы арқылы Атырау облыстық ішкі істер Департаментінің бастығының атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, Департамен бастығының 28.07.2015 жылғы бұйрығымен С.Акжигитов тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды. Сонымен қатар, аталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті бақылау жүргізбеген аудандық ішкі істер бөлімінің аға мемлекеттік инспекторы А.Мендигалиев «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осы тектес жүргізілген талдаулар нәтижесінде аудандық ішкі істер бөлімінің 2 қызметкері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 бөлігінің 12 тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, атқарып отырған лауазымдарынан төмендетілді.

Прокуратура органы қызметкері ретінде үлкен міндет жүктелгеннен кейін қолы да жолы да ұзын адамдардың өзге азаматтардың құқықтарын таптап, заңсыз іс әрекеттерге баруына жол бермеуіміз керек. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана қалықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 елдің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Индер аудандық прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.