You are here

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сырым ауданы прокуратурасымен жергілікті және уәкілетті органдардың қызметінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуына тексеріс жүргізілді.

Жалпы сомасы  2 000 000 млн. теңгеге ауылішілік жолдарға жөндеу жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша ЖК А.Табишев жеңімпаз деп танылғандығы анықталды, ол бойынша «Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесімен 1 690 000 теңге сомаға 2013 жылғы 12 сәуірдегі №5  келісім-шарт жасалды.

Бірақ, ЖК А.Табишевпен жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалмағандықтан,  келісім-шарттың 1.4-тармағы бұзылған. Тексеріс көрсеткендей, Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары И.Бахтыбаев пен Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы  О.Джулдугуловтың жосықсыз қатысушыға қатысты «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағы 4) тармақшасымен қарастырылған тиісті шараларды қабылдамағандығы анықталды.

Келісім-шартта көрсетілген қабылдау-табыстау актісінің болмауы мен жұмыстардың уақытылы орындалмағандығы назарға алынбай, жоғарыда көрсетілген тұлғалар кәсіпкердің атына 1 502 000 теңге аударған, осылайша И.Бахтыбаев, О.Джулдугулов шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде көрсетілген жеке тұлғаға заңсыз артықшылық, табыс алуға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсете отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы  1-тармағы 4),5) тармақшаларымен қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықты жасады.

Аудан прокуратурасының ұсынысы негізінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Батыс Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесінің ұсынысы бойынша Жымпиты ауылдық округі әкімінің өкімі бойынша И.Бахтыбаев және О.Джулдугулов мемлекеттік қызметтен босатылды.

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.