You are here

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу - әр азаматтың парызы!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура бүгінде еліміздегі құқықтық жүйенің аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып отыр.

Сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізудегі сатысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жылдам әрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, сондай-ақ сотқа дейінгі сатыда заңдылықты сақтау мәселелері Алматы облысы прокуратурасының назарына алынған.

Аталмыш бағытта облыс аумағындағы барлық қылмыстық ізге түсу органдарының жұмыстары жұмылдырылып, облыс прокуратурасының Алқа мәжілістерінің, облыстық Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңестерінің, сондай-ақ ведомствоаралық мәжіліс кеңестерінің отырыстарында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша іс жүргізу сатысында заңдылықтың сақтауы мақсатында өзекті мәселелер талқыланып, осы бағытта бірлескен жоспар мен іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Атқарылған шаралар нәтижесінде, 2014 жылы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлық санатындағы – 146 қылмыс тіркеліп олардың барлығымен қылмыстық істер қозғалған.

Олардың 80 тергеумен аяқталса, 49 іс негізінен қарау үшін сотқа жолданған, ал 10 іс ақтамайтын негіздермен қысқартылған.

Осы бағыттағы жұмыс жауапты мемлекеттік қызмет атқарып отырған лауазым иелерінің іс әрекетімен мемлекетімізге және азаматтарымыздың құқықтарына едәуір зиян келтірілген құқық бұзылушылықтарды анықтаумен олардың жолын кесуге бағытталған.

Атқарылған шаралар нәтижесінде, 99  қылмыстық іс мемлекеттік қызмет атқаратын азаматтарға қатысты қозғалған.

Айтар болсақ, өткен жылдың сәуір айының 14-де Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Алматы облысы кедендік бақылау Департаментінің «Қорғас» кеденінің қызметкерлері «Р»-мен «С» Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312 бабы 4 тармағының «а және б» тармақшаларымен (лауазымды адамға пара беру), қылмыс жасағандығы дәлелденіп, соңғылыр 7 жылға бас бостандықтарынан  айырылды.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңына сәйкес, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, не мүлiктiк пайда алу мақсатында олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады деп көрсетілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 3 бабы 29 бөлігінің талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып – осы Кодекстің 189 бабы 3 бөлігінің 2 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, қызмет бабын пайдалануымен ұштасқан, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), 190 бабы 3 бөлігінің 2 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған алаяқтық), 215 бабы 2 бөлігінің 3 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған жалған кәсіпкерлік), 216 бабы 2 бөлігінің 4 тармағында (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасқан, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау), 217 бабы 3 бөлігінің 3 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету), 218бабы 3 бөлігінің 1 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)), 234 бабы үшінші бөлігінің 1 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасалған экономикалық контрабанда), 249  бабы 3 бөлігінің 2 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасаған жасаған рейдерлік іс-әрекеттер), 307 бабы 3 бөлігінің 3 тармағында (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзi немесе сенiм білдірген адам арқылы заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан, егер бұл іс-әрекеттер мұндай қызметте жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен немесе өзге нысандағы жақтаушылығымен байланысты болған жасаған заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру), 361 бабында (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 бабы 4 бөлігінің 3 тармағында (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған іс-әрекеттер), 364бабында (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу), 365 бабында (заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау), 366 бабында (пара алу), 367 бабында (пара беру), 368 бабында (парақорлыққа делдал болу), 369 бабында (қызметтiк жалғандық жасау), 370бабында (қызметтегi әрекетсiздiк),  450 бабында (билiктi терiс пайдалану), 451 бабы 2 бөлігінің 2 тармағында (билiктi асыра пайдалану өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекет) және 452 бабында (биліктің әрекетсіздігі) көзделген іс-әрекеттер танылады.

Аталмыш сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты қолданыстағы Қылмыстық кодекспен көзделген бір қатар қылмыстық жазалар тағайындалады, олардың ішінде кінәлінің мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстарын қолдану, бас бостандығын шектеу және жазаның ең қатаң түрі – он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары бар.

Осылайша, азаматтарымыз және мемлекеттік лауазымды қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңсыз іс әрекеттерге барар алдында, оның салдары қандай жауапкершілікке апаратындығын түсінгендері жөн.

Облыс прокуратурасының

2-ші Басқарма аға прокуроры

О. Омаров

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.