You are here

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 24.12.2014 жылғы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясына сәйкес алға қойылған мақсаттарға жету және бұл орайда аудан прокуратурасымен заң бұзушылықтарды жою бағытында жұмыстар атқарылуда.

Мысалы, аудан прокуратурасымен Е.Альмухамедовтың жол көлік оқиғасы бойынша жинақталған іс құжаттарын зерделу нәтижесімен, Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторымен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені анықталған.

Атап көрскеткенде, 15.10.2014 жылы Төлеби АІІБ-на Төлеби аудандық ауруханасынан Е.Альмухамедов жол көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаты бойынша ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама бойынша, Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы Б.Арымбаевпен оқиға орнына шығу арқылы анықтау барысында жол көлік оқиғасы Төлеби ауданы, Майбұлақ елді мекенінің жолында болғаны, алайда оқиға орнынан жол көлік оқиғасын жасаған тұлғалар кетіп қалғаны анықталған.

Осы жол көлік оқиғасы Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы Б.Арымбаев сол күні жол көлік оқиғасын жасағандар оқиға орнынан кетіп қалуы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 469 бабымен №0550641 санды әкімшілік хаттама толтырумен шектелген және Төлеби аудандық ауруханасында жол көлік оқиғасын жасаған тұлғалардың бір бөлмеде емделіп жатқандығына қарамастан олардың толық түсінік алып, автокөліктерді анықтап, кінәліні жауапқа тартуға бағытталған шараларды қабылдамаған.

Сондай-ақ, Төлеби АІІБ ЖПБ инспекторы Б.Арымбаевпен оқиға орнында көліктердің сынықтарына сараптама тағайындау, уәкілетті органдарға автокөліктерді анықтауға бағытталған сұраулар жолдау жөнінде мүлдем жұмыстарды жүргізбей, аталған оқиға бойынша түпкілікті шешім қабылданбағаны анықталған. 

ҚР ӘҚБтК-нің 69 бабы 1 бөлігінде, адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

Яғни, Төлеби АІІБ ЖПТ қызметкерлері осы жол көлік оқиғасы бойынша құқық бұзушыны негізсіз әкімшілік жазаға тартудан босатып, құқық бұзушыны анықтауға толық мүмкіндік болса да, құқық бұзушыға заңда көзделмеген артықшылық көрсетіп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін белгіленген 2 ай мерзімді өткізіп жібергені анықталған.

Көрсетілгендердің негізінде, Төлеби аудан прокуратурасының тәртіптік өндірісінің қаралу нәтижесімен ОҚО ІІД-нің 09.04.2015 жылғы №94 жқ санды бұйрығы негізінде Төлеби АІІБ-нің жол полиция тобының инспекторы Б.Арымбаев Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес қызметінен босатылған.

ОҚО Төлеби аудан прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.