You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қаралған әкімшілік істер туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 9 айында соттармен сыбайлас жемқорлыққа қатысты 10 әкімшілік іс қаралып, 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, жалпы 2 398 220 теңгеге айыппұл салынған, 1 тұлғаға қатысты іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамының болмауына байланысты қысқартылған.

Мысалы, Кентау қалалық сотының 25.06.2015 жылғы қаулысымен құқық бұзушы З.А.Ералиев ӘҚБтК-нің 676 бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баптың талабымен 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 396 400 теңге айыппұл салынған.

Іс құжаттарына сай, 2015 жылдың 15 маусым күні сағат 20 сағат 20 минут шамасында Кентау қаласы, Қонаев даңғылы бойындағы Кентау қалалық орталық аурухана ауласына Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің жол патрульді полиция взводының бөлімше командирі полиция аға сержанты Б.Керимбеков және Кентау қаласы ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімінің жол патрульді полиция взводының полиция сержанты Р. Нургалиев ВАЗ-21015 мемлекеттік белгісі Х 415 КР арнайы автокөлігімен барып, сол жерде құқық бұзушы З.Ералиевтің жекелеген қоғамдық орында темекі шегіп тұрғанын анықтаған.

Содан құқық бұзушы З.Ералиевке қатысты хаттама толтырған уақытта құқық бұзушы З. Ералиев полиция аға сержанты Б.Керимбековке, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаға заңсыз материалдық сыйақы 1000 теңге ұсынған, яғни ол ӘҚБтК-нің 676-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы З.Ералиев өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, соттан қатаң жаза қолданбауды сұрайтынын айтып көрсеткен.     

Сот, іс құжаттарын зерттеп, құқық бұзушы З.Ералиевтың іс-әрекеті ӘҚБтК-нің 676 бабындағы әкімшілік құқық бұзушылықпен дәрежелегенін дұрыс деп санаған, себебі ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаға заңсыз материалдық сыйақы берген.

ОҚО прокуратурасының

соттарда мемлекет пайдасына

өкілеттік жасау басқармасы 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.