You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарды құрықтамай, еліміздің қауіпсіздігімен өркендеуіне тікелей қауіп төнеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өздеріңізге белгілі болғандай мемлекетіміздің басты саясатының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарды құрықтамай еліміздің қауіпсіздігімен өркендеуіне тікелей қауіп төнеді. Яғни, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарды тек қоғамға емес, мемлекетіміз үшін де қауіпті қылмыс болғандықтан, қылмыстық заңнамалардың талаптарына сай ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған.

Сарыағаш аудандық соттарымен 2014 (2013 жылдың көрсеткіші) жылы үкім шығару арқылы жалпы 180 (197) тұлғаға қатысты 141 (154) қылмыстық іс қаралған болса. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты 12 (12) тұлғаға  қатысты 11 (8) қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі шығарылған.

Ауданымыздың құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанымен, 2013 жылға қарағанда 2014 жылы аудандық соттарда сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істердің қаралуы өскендігі байқалады.

Мысалы, азамат Ш.Т «Жібек-жолы» кеден бекетінде контрабандаға қарсы күрес бөлімшесінің кеден қызметінің аға лейтенанты - бас маман қызметін атқарып жүріп, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам бола тұра 22.04.2014 жылғы сағат 09:00-ден 23.04.2014 жылы сағат 09:00-ге дейінгі аралықта «Жібек-Жолы» кеден бекетіне ауысымды қызметте болып Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлғаларға, қол жүктеріне кедендік бақылау жүргізу кіретінін біле тұра азамат Б.Абетаевтің қол жүктеріне яғни, 400 дана раушан гүліне және 100 дана пластмасса қорабын кедергісіз өткізу үшін 10 000 теңге ақшаны пара ретінде қолма-қол алып, қаржы полиция қызметкерлерімен оқиға орнында ұсталынған.

Сарыағаш аудандық сотының 16.10.2014 жылғы үкімімен Ш.Турсунбеков ҚР ҚК-нің 311 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 41 бабының 3 бөлігін негізінде, 4 жыл мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, ҚК-тің 50 бабының 1 бөлігі қолданылып, кеден қызметінің аға лейтенанты атағынан  айырылып,  1 000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде 1 852 000 теңге айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды жасаған тұлғаларды атқарып отырған лауазымдарына бөлетін болсақ келесідей:

Аудан әкімінің орынбасары – 1;Аудан әкімшілігінің бөлім бастығы – 3;Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлері – 2;Мектеп директоры – 1;Кеден қызметкері – 2; Азаматтық тұлға – 3;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуға бәріміз бір кісідей ат салысып күресетін болсақ, ол тиіміді әрі оң нәтижесін беретіндігін баршаңыздың назарларыңызға салғым келеді.

ОҚО Сарыағаш ауданы прокурорының

көмекшісі 2-сыныпты заңгер С. Есенбеков

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.