You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында елеулі жұмыстар атқарып келеді.

Елбасының осы бағыттағы соңғы өзгерістер мен саясатын іске асыру туралы талаптарын ескере отырып, мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мән беру арқылы  құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету шараларын қолдануда.

Осы негізде прокурорлық қадағалау аясында жұмыстарға қоғам өкілдерін тарту қолға алынған, ағымдағы жылы облыс прокуратурасы мен «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оның шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.

Осымен бірге, құқық қорғау органдарының жеке құрам арасындағы жемқорлықтың алдын алу тиімділігі мен Ар намыс кодексі талаптарының сақталу жағдайы тексеріліп, оның нәтижесі ағымдағы жылдың маусым айында облыс прокурорының төрағалық етуімен облыстық құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде талқыланды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде прокурорлық актілер нәтижесінде жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзғаны үшін 54 тұлға тәртіптік жазаға және 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте, басшылық құрамындағы лауазымды тұлғаларды, соның ішінде кінәлі тұлғаға жаза қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылуда.

Кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапқа тартпағаны үшін 2 тұлға және заңсыз сыйақы материалдық түрде ұсынғаны үшін 1 тұлға сот қаулыларымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Мысалы, бағынысты қызметшіге қатысты прокурорлық ұсыныс және соттың жеке ұйғаруы болуына қарамастан шара қолданбағаны үшін Сарыағаш аудандық сотының 21.07.2015 жылғы қаулысымен Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 680 бабымен әкімшілік іс жазаға тартылып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Жалпы, аталған бағытта жұмыстар жалғастырылуда.

ОҚО прокуратурасының

1-ші басқармасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.