You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі семинар кеңес туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокурорының орынбасары Қ.Ә.Әбдіхановтың төрағалығымен 2015 жылдың 26 ақпанында облыс прокуратурасының ғимаратында прокуратура органдары қызметінде жаңадан қолданысқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шаралары жөніндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету аясындағы жұмыстары бойынша киелі мәселелері атты тақырыпта семинар кеңес өтті.

Семинар кеңесте негізгі назар сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша соңғы заң нормалары ескеріле отырып қазіргі саяси көзқарас пен талаптар жөнінде атап өтілді.

Семинар кеңеске облыс прокуратурасы қызметкерлері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің, «Нұр Отан» Партиясы ОҚО филиалының өкілдері, облыс прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, қала, аудан прокуратура қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Бұл жиында облыс прокуратурасының басқарма аға прокуроры Ж.Ботабеков баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлық қадағалау жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басты мәселелер мен Елбасы және Бас Прокурор тарапынан қойылып отырған міндеттер мен соңғы кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында қабылданған жаңаша өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Сонымен бірге, прокурорлық қадағалау барысында прокурорлық қадағалау актілерін қолдану сапасы мен тәжірибесіне басты назар аудару қажеттігін атап өтті.  

Семинар кеңесте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім бастықтары Г.Мусабекова және Қ.Құлажанов, «Нұр Отан» Партиясы ОҚО филиалының заңгер А.Еркінбеков баяндама жасады.

Жалпы, семинар кеңесте қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсыныстары айтылды.

Бұдан бөлек, семинарға қатысушыларға анкеталар таратылып, толтырылды.

Семинар соңында қатысушыларға республика деңгейінде Елбасының бастамасымен қабылданған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы реформалық өзгерістерді ескеріп, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, оны жүйелі іске асырылуын қамтамасыз ету шараларын күнделікті жұмыс барысында қолдану ұсынылды.

ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.