You are here

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сотының 12.05.2014 жылғы үкімімен прокурорлық тексеру материалдары бойынша қаржы полициясы органдарымен қозғалған қылмыстық іс бойынша Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары және Жәнібек ауданы селолық округтерінің 5 әкімі сотталды.

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Қарашин Рүстем Серікұлы  Жәнібек ауылында ауыз сумен қамтамасыз ету нысанын қамтамасыз ету үшін электрқозғалтқыштары бар 2 су сорғысын сатып алуға бөлінген 1150000 теңге ірі мөлшерде бюджет қаражатын, сондай-ақ  Борсы, Жасыбай, Ағоба, Ұзынкөл және Таловка ауылдарының жолдарын тегістеуге бөлінген  жалпы сомасы 810000 теңге сомадағы бюджеттік қаражатты алдын ала келісім бойынша ұрлауды ұйымдастырғаны үшін  ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлімі, 176-бабы 3-бөлімінің «б,г» тармақшаларымен мүлкін тәркілеп, 5 жыл мерзім бойы белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру арқылы жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жәнібек ауданы селолық округтерінің әкімдері Д.Закарин, К.Ғұбашев, Б.Адлялиев, Е.Қуанов және Н.Закарин ауылдық жолдарды түзетуге бөлінген Борсы (170000 теңге), Жақсыбай (150000 теңге), Ағоба (170000 теңге), Ұзынкөл (170000 теңге) және Талов (150000 теңге) ауылдарына бөлінген жалпы сомасы 810000 теңге  бюджет қаражатын ұрлағаны үшін, сондай-ақ ауылдық жолдарды жөндеу жұмыстарын қабылдау актісіне көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін ҚР ҚК 28-бабының 2-бөлімі, 176-бабы 3 бөлімінің «г» тармақшасы, 314-бабының 1-бөлімі бойынша 3 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде жазаланып, сотталды.

Сондай-ақ, Жәнібек ауданы әкімдігінің «Жолаушы» МКК бастығының м.а. Сайхаденов Мәрлен Мәлікұлы «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, алдын ала келісім бойынша ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлауда астыртын көмектескені үшін, сондай-ақ «Жолаушы» МКК теңгеріміне 2 су сорғысын қабылдап алу туралы жүкқұжатына көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін ҚР ҚК 310-бабының 1-бөлімі, 314-бабының 1-бөлімі, 28-бабының 5-бөлімі, 176-бабы 3-бөлімінің, «б,г» тармақтары бойынша 3 жыл сынақ мерзімімен нақты шартты түрде жазаланды.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.