You are here

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін әскери қызметшілер жұмыстан босатылған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас әскери прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің «Солтүстік» Өңірлік басқармасының қызметіне жүргізілген тексеру барысында 2031 әскери  бөлімінің қаржы қызметімен 3,5 млн. теңгеден астам сомаға жеткізілмеген киім-кешек мүлкіне және «Сарсембаев Ж.Б.» ЖК-нен 5 млн. теңгеден астам сомаға сатып алынған техникалық спецификациясы сәйкес келмейтін киім-кешекке төлем жасалынғандығы анықталған.

«Солтүстік» Өңірлік басқармасы бастығының атына енгізілген заңбұзушылықты жою туралы ұсынысты қарау нәтижесінде, 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған, оның ішінде «Солтүстік» Өңірлік басқармасының қойма басшысы Е.А.Ағытаев «Сарсембаев Ж.Б.» ЖК-не заңсыз артықшылық көрсеткендігі үшін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған деп жұмыстан босатылған.

Сонымен қатар, Бас әскери прокуратураның ұсынысы бойынша Армения Республикасының 12 азаматы мемлекеттік шекарадан өткендігі туралы жалған ақпаратты «Бүркіт» ақпараттық жүйесіне енгізгені үшін «Солтүстік» Өңірлік басқармасының «Тобыл» шекара бақылау бөлімінің бақылаушысы Р.Т.Біржанов жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсеткен деп жұмыстан босатылған.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.