You are here

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сырым ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдарымен жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіліп, оның нәтижесімен аудандық жер қатынастар бөлімінің меңгерушісі Ө.Уашевпен шаруа қожалықтарын жүргізу үшін жер учаскелерін беру туралы азаматтардың арыздарын қарауда заңда көзделмеген құжаттарды талап етіп, жер учаскелерін беруден негіссіз бас тарту фактілері анықталды.

Нақты айтқанда29.11.2012 жылы Ө.Уашев М.Б. Балмашевтың, О.Е. Жақсымбетовтың, сондай-ақ 24.05.2012 жылы Н.Ш. Миханованың, О.Махметовтың шаруа қожалықтарын ашуына байланысты жер учаскелерін сұраған арыздары бойынша олардан ҚР «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заңының 8 бабында көзделмеген құжаттарды, яғни шаруа қожалықтардың бағдарламасын, мал басы және техника саны жөнінде анықтамаларды талап етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасаған.

Өз кезегінде, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағының 8, 12 тармақтарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету және жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылады.

Осыған орай, аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша аудан әкімініңөкімімен жер қатынастар бөлімінің меңгерушісі Ө.Уашевке сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққажол бергені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.