You are here

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы немесе соған ықпал еткен әрекеті үшін қызметінен босатылған азаматтық істер бойынша прокурорлық қадағалау актілерін орындалу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс соттарымен 2015 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы немесе соған ықпал еткен әрекеті үшін қызметінен босатылған және сыбайлас жемқорлық  дерегі туралы прокурорлық қадағалау актілерін орындау барысында қолданылған мемлекеттік органдардың шешімдерін даулау бойынша 10 іс қаралып, оның 2-і қанағаттандырылса, 8-і қанағаттандырусыз қалдырылған.

Мысалы, 14.05.2015 жылы Түркістан қалалық сотына талапкер  Б.Бекназаров  жауапкерлер Түркістан қалалық білім бөлімінің 20.04.2015 жылғы №71 жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жою, бұрыңғы жұмыс қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күніне жалақы өндіру және Түркістан қаласы прокурорының 16.01.2015 жылғы заң бұзушылықты жою туралы ұсынысын заңсыз деп тану туралы талап арыз берген.

01.06.2015 жылы талапкер Б.Бекназаров Түркістан қалалық сотына талап арызының Түркістан қаласы прокурорының 16.01.2015 жылғы заң бұзушылықты жою туралы ұсынысын заңсыз деп тану туралы талабынан бас тартып, Түркістан қалалық сотының 01.06.2015 жылғы ұйғарымымен бұл бөлігі өндірістен қысқартылды.

Түркістан қалалық сотының 26.06.2015ж. шешімімен талапкер Б.Бекназаровтың талап арызының қалған бөлігі қанағаттандырылып, Түркістан қалалық білім бөлімінің 20.04.2015ж. №71 санды бұйрығының күші жойылып, Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп-интернатының директорына қайта орналастырылған.

Аталған сот актісіне Түркістан қалалық прокуратурасымен аппеляциялық наразылық енгізіліп, облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 14.09.2015 жылғы шешімімен сот актісі бұзылып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

ОҚО прокуратурасының

соттарда мемлекет пайдасына

өкілеттік жасау басқармасы 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.