Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін тек құқық қорғау органдарының қызметтік міндетіне кіретін жүмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Мемлекет басшының бастамасымен басталған әкімшілік және конституциялық реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға және оның көріністеріне мүлдем төзбеушілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Мемлекет сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырсыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр.

Президент жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері туралы»  комиссия –Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылатыны анық.

Елбасы биыл да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәңгіге болды» -деп көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытыңдағы кешенді және жүйелі күрес саясатын жүргізу саясаты жанданып, үнемі жалғасын табатындығын білдіреді.

Сондықтан қоғам арасында, кез келген орында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік сезімін қалыптастыру қажет.

ОҚО Отырар ауданы

прокурорының  көмекшісі М.Әбілбашаров

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.