You are here

Шиелі аудандық прокуратурасымен заңдылықты бұзушылық анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шиелі аудандық прокуратурасымен «Шиелі кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013-2014 жылғы қызметінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның қолданылуына тексеру жүргізілді.

2014 жылы кент әкімдігіне жеке тұлғалардан барлығы 862, заңды тұлғалардан барлығы 37 өтініш өтініш түскен.

Тексерумен Кент әкімдігінің жауапты қызметкерлерімен өтiнiштерді қабылдау, тiркеу, есепке алу және қарау жөніндегі міндеттер орындалмай, өтініш білдірген тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының iске асырылуына мүлдем назар аударылмай келгені анықталды.

Нақтыласақ, Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес, өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға келiп түскен өтiнiш үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бұл туралы арыз берушiге хабарлана отырып, тиiстi субъектiлерге жiберiледi делінген.

Алайда, Шиелі кенті, М.Әуезов көшесінің тұрғыны Д.О.-ның  кент әкімдігіне 19.09.2007 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстауды сұрағандығы жөніндегі өтініші негізінен қарау үшін Жер бөліміне тек қана 18.07.2014 жылы, яғни 6 жыл 7 ай дегенде жолданғандығы белгілі болды.

Бұдан өзге Кент әкімдігіне 17.09.2014 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстауға байланысты жазбаша түрде өтінішпен жүгінген бірнеше азаматтың өтініштері негізінен қарау үшін Жер бөліміне жолданғандығы жөнінде хабарламасы аталған өтініш иелеріне тек 23.09.2014 жылы беріліп, өтініш иелеріне жауап беру мерзімдері бұзылған.

Осы секілді заң бұзушылықтар 108 жеке тұлғалар мен 18 заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптарда да орын алған.

Заңның 8 бабының 1 тармағына сәйкес, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Алайда, Кент әкімдігіне 21.07.2014 жылы өтініш білдірген жеке тұлғалар арыздары бойынша қандайда бір лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргізілмесе де, заңмен белгіленген он бес күндік қаралу мерзімі бұзылып, 08.08.2014 жылы (18 күнде) арыз иелеріне түсiнiк беру түрінде жауаптар берілгендігі анықталды.

Осы тектес заң бұзушылықтар бұдан бөлек 22 жеке тұлғалардың өтініштерін қарау барысында да орын алған.

Сондай-ақ, Заңның 15 бабының 2-тармағының 4) тармақшасында субъектілер мен лауазымды тұлғалар жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешiмдер туралы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында хабарлауға міндетті екендігі айқындалған.

Алайда, тексеру барысында Шиелі кенті, Ә.Қоңыратбаев көшесінің тұрғыны К.Е.-нің 10.09.2014 жылы Кент әкімдігіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін көлемі 0,1 гектар жер учаскесін табыстау жөнінде сұрған өтінішіне қабылданған шешiм туралы Кент әкімдігімен жазбаша нысанда жауап жолданбай, жоғарыда аталған заң норамаларының талаптары өрескел бұзылған.

Дәл осы тектес заң бұзушылықтар, тұрғындарға қатысты өтініштерде де орын алған.

Жоғарыда талған өтініш иелеріне нақты жазбаша жауаптар осы тексеріс барысында тек аудандық прокуратураның ықпалымен ғана қол жеткізілген.

Заңның 13 бабында мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті делінген.

Бірақ, Кент әкімдігінің орынбасарымен 2014 жылдың өткен мерзімінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабалдау мүлдем жүргізілмеген.

Сонымен қатар, кент әкімдігіне 2013-2014 жылдары жеке және заңды тұлғалардан тікелей түскен жазбаша арыздар бойынша талондар арыз иелеріне мүлдем берілмеген.

Осылайша, Кент әкімдігінің жауапты қызметкерлерімен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу фактілері орын алып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 10-тармақшасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол берілген.

Жоғарыдағылардың негізінде, аудандық прокуратурамен 09.02.2015 жылы Шиелі ауданы әкімдігіне заңдылықты бұзушылықты жою түріндегі ықпал ету актісі енгізіліп, ұсыныстың қаралу нәтижесімен, Шиелі кенті әкімі өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше атқармай, ведмоствалық бақылауды әлсіреткені үшін аудан әкімінің 23.02.2015 жылғы  өкімімен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылса, ал «Шиелі кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Шиелі кенті әкімінің 23.02.2015 жылғы өкімімен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін«қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.