Прокурорлық акт негізінде бөлім бастығы жұмыстан шығарылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Алматы қаласының прокуратурамен қалалық Мемлекеттік меншік және жекешелендіру Департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметіне тексеру жүргізілді.

 ҚР «Мемлекеттік меншік туралы» Заңының талабына сай – мемлекеттік меншікті басқару заңдылық қағидасына, қоғам игілігі үшін мемлекеттік меншікті тиімді пайдалануға, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауға сай жүзеге асырылады.

 «Бек филмс» ЖШС 2010 жылдан бастап 734 кв. м. алаңымен ғимарат жалға беріледі, сондай-ақ 0.40 га көлемінде жер учаскесі алынады, тексеру көрсеткендей жалға алудың басынан бастап көрсетілген ғимарат мүлде пайдаланылмайды. Жалға алушының түсініктемесі бойынша аталған ғимаратты пайдалану күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін пайдалану жоспарланған, бірақ 2011 жылы аяқталғаннан кейін ғимарат сонда да тұрып қалған.

 Осыған байланысты қалалық прокуратурамен шарт талаптарын бұзу түрінде, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнама қағидаларын бұзу түрінде «Бек филмс» ЖШС-мен жалға алу шартын бұзу туралы мәселе қойылды.

Прокурорлық актімен Алматы қаласының Мемлекеттік меншік пен жекешелендірудің территориялық комитеті бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талабына сай қызметінен босатылды, мемлекет кірісіне алынбаған кіріс сомасын өндіру туралы мәселе қойылды.