You are here

Прокуратура кәсіпкерлерге жүргізілген заңсыз тексеруді әшкереледі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарының қадағалау саласы бойынша басым бағыттарының бірі болып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.

Осы бағытта Отырар аудандық прокуратурасымен  Отырар ауданы Ақтөбе ауылындағы «Көпен»,  «Айгүл»,  «Ермек», «Салтанат», «Алпанбек» шаруа  қожалықтарының арызы бойынша тексеру жүргізілген.

Жүргізілген тексеруде облыстық қаржы бақылау инспекциясының мамандары мен аудандық жергілікті атқарушы органының қызметкерлерімен жоғарыда көрсетілген шаруа қожалықтарының қызметіне құқықтық статистика органдарына тіркелместен, заңсыз  тексеру  жүргізгендігі анықталған.

Тексеру ешқандай  зертханалық (лабораториялық)  тәсілмен  жүргізілмесе  де,  2014 жылы егілген  екпелер  бойынша  субсидия артық берілген  деп,   нақтыланып-бекітілмеген  мәліметтер  енгізіліп, осы  актілердің  негізінде ҚР   Қылмыстық Кодексінің  369 бабының 1 бөлігімен  қылмыстық іс қозғалған.

Нәтижесінде лауазым иелері 5 шаруа қожалықтарының   қызметіне  заңсыз  тексерулер  жүргізіп,   ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының  12  бабының  1  бөлігінің  12-1  тармақшасында  көрсетілген  жеке кәсіпкерлік  субъектілеріне   қатысты тексерулерді   ұйымдастыруға  және  жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел  түрде  бұзып,   сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық  бұзушылыққа жол берген.

Тексерудің нәтижесі бойынша прокуратурамен 7 лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершілігін шешу үшін 3 ұсыныстар енгізілсе, заңсыз жолмен алынған мәліметтердің негізінде қозғалған қылмыстық іс прокурор қаулысымен бұзылып, қысқартылды.

ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі         

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.