You are here

Петропавлда сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мәселесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

19 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Әскери институтында Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновтің төрағалығымен ведомствоаралық семинар-мәжілісі өткізілді. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселесі қаралды.

Мәжіліс жұмысына әскери бөлімдердің және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Өзінің сөйлеген сөзінде гарнизон әскери прокуроры Талғат Бекбергенов сыбайлас жемқорлық құқықбұзышылықтарының профилактикасы мәселелерінің оң үрдістерін атап өтіп, осы жұмыстарды ұйымдастырудағы кейбір кемшіліктеріне назар аударды.

Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықты ескерту аясында жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар құрылымдық ұсыныстар айтты.

Соңында әскери прокурор сыбайлас жемқорлықпен күресу және оған азаматтық институттарды тарту мәселелерінде профилактикалық жұмыстарды белсенді атқару қажеттігіне назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар дайындалды.

Петропавловск гарнизонының әскери прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.