You are here

Петропавлда әскери прокурор әскерге шақыру комиссиясымен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері бойынша Департаментінде Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат Бекбергеновтің бастамасымен әдістемелік-нұсқаулық кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Онда күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы және көктемгі шақырудың мақсаттары туралы мәселелер қаралды.

Кеңес жұмысына Солтүстік Кақазстан облысы Әкімінің орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Владимир Бубенко, облыстың ішкі істер Департаменті, денсаулық сақтау Басқармасы басшыларының орынбасарлары, аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинар барысында азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша әскерден қайтару, әскери қызметке тергеуде болған азаматтарды шақыру, басқа да өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша азаматтарды әскери қызметке заңсыз шақыруды болдырмау, әскерге шақыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.