You are here

Пара алуға оқталғаны үшін жауаптылыққа тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төлеби аудандық сотының 10 шілде 2015 жылғы үкімімен Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының қызметкері «А», онымен айтарлықтай мөлшерде ақша сипатындағы пайда түрінде делдал арқылы пара алуға оқталу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі 366-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оның меншігі болып табылатын мүліктің бәрі, сондай-ақ оның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, ол басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, оның ішінде құқық қорғау органдарында кез келген лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына, сондай-ақ «полиция майоры» деген арнаулы атағынан айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде  4 200 000 теңге айыппұл салуға жазаланды.

Атап көрсеткенде, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының қызметкері «А» 2015 жылғы 10 мамырдағы шамамен 18 сағат 00 минуттан  бастап 13 мамырдағы 14 сағат 10 минутқа дейінгі уақыт аралығында қасақана, пайдакүнемдік ниетпен міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген үлгісі “Mitsubishi Lancer” автомобиль көлік құралын өзімен бірге жүргізуші куәлігі, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі, көлік құралына тіркеу құжаты жоқ болған кезде басқарған жүргізуші азамат «Б»-дан, соңғының пайдасына жасаған өзінің қызметтік өкілеттіктеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК-нің) 804-бабының 1-бөлігіне сәйкес кіретін әрекеттерді жасамаған заңсыз әрекетсіздігі үшін, яғни пара беруші соңғыға қатысты оның ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлігінде және 612-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың әрбірін жасағаны жөніндегі дербес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың әрбірін жасамаған заңсыз әрекетсіздігі және оған өзі оны басқарудан шеттетілген аталған көлік құралын «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиесілі ақылы айып автомобиль тұрақтан (бұдан әрі - автотұрақ) одан әрі басқаруы үшін шығарып бергені үшін жеке өзі 70 000  теңге ақша түрінде пара алуға оқталған.

Бұл ретте, қызметкер «А» құқық бұзушы азамат «Б»-дан 70 000 теңге ақша түріндегі параны өзінің танысы, «Мастер» құрылыс заттарын сатуға арналған дүкен сатушысы азаматша «Д» арқылы пара затын алуға келгенде, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша пара алуға бағытталған қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетін ақырына дейін жеткізе алмай, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Алайда, құқық қорғау органдарының оперативті жұмыстарының нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға оқталғаны үшін қызметкер «А» қылмыстық жауаптылықтан құтылып кете алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің дамуы мен өрлеуінің тежеуіш факторы болып табылады және бұл індетпен барлық мемлекеттік органдар бірдей күресуі қажет және елім деген азаматтармен сыбайлас жемқорлық деректеріне көз жұма қарамауға шақырамыз.

ОҚО Төлеби ауданы

прокурорының орынбсары Н.Полатов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.