You are here

ОҚО: Жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін мемлекеттік мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

11 шілде 2011 

ОҚО: Жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін мемлекеттік мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы, ішкі істер, төтенше жағдайлар, салық және әділет органдарындасыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қолданып жатқан шаралардың толықтығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік орган басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күреске тиісті шара қолданбау жағдайлары анықталды.

Атап айтқанда, прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде Ордабасы, Бәйдібек, Түлкібас аудан әкімдіктеріне бағынысты Шұбарсу, Ағыбет, Балықшы ауыл округтерінің әкімдері және Шардара аудандық білім, Мақтаарал аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің, Ленгір қалалық аумақтық инспекция бастықтары сыбайлас жемқорлықпен күресудің орнына, керісінше осы құқық бұзушылықтарға жол берген қарамағындағы қызметкерлерге тиісті тәртіптік жаза қолданбай, жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 537 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда, Арыс аудандық құрылыс, Төлеби аудандық ветеринария бөлімдері бастықтарының үстерінен осы тектес заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық істер сотта қаралуда.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.