

11 шілде 2011
ОҚО: Жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін мемлекеттік мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атап айтқанда, прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде Ордабасы, Бәйдібек, Түлкібас аудан әкімдіктеріне бағынысты Шұбарсу, Ағыбет, Балықшы ауыл округтерінің әкімдері және Шардара аудандық білім, Мақтаарал аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің, Ленгір қалалық аумақтық инспекция бастықтары сыбайлас жемқорлықпен күресудің орнына, керісінше осы құқық бұзушылықтарға жол берген қарамағындағы қызметкерлерге тиісті тәртіптік жаза қолданбай, жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 537 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда, Арыс аудандық құрылыс, Төлеби аудандық ветеринария бөлімдері бастықтарының үстерінен осы тектес заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық істер сотта қаралуда.