You are here

ОҚО: Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған бас маманға тиісті шара қолданбағаны үшін бөлім бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

22 маусым 2011 

ОҚО: Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған бас маманға тиісті шара қолданбағаны үшін бөлім бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мақтаарал ауданы прокуратурасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талабының қолдануына, оның ішінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың заңдылығына тексеру жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, аталған бөлімнің бастығы Б.Айнабековпен 23.05.2011 жылғы №18 бұйрықпен бөлімнің бас маманы Б.Б.Очиловаға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының талаптарын бұзғаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жазасы қолданылған.

Аталған бұйрықтың қабылдануына Мақтаарал аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне бас маман Б.Очилованы Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесінде орналасқан алкогольді өнімдерді сатуға арналған «Шыңғыс» атты дүкен «Сырдария» университетінен 100 метрден кем, яғни 76 метр қашықтықта орналасқан дүкеннің иесі жеке кәсіпкер Е.Тағаевқа жалған мәлімет енгізілген анықтама беріп заңсыз артықшылық көрсеткені үшін сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық белгісі бойынша тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде енгізілген ұсынысы негіз болған.

Алайда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Заңының 12 бабы 2-ші тармағына сай, Мақтаарал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығымен бас маман Б.Очиловаға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік шарасын емес, «қызметінен босатуға» немесе «мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтату» тәртіптік шарасы қолданылу қажет еді.

Сонымен қатар, аталған бұйрықта бас маман Б.Очилова ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының талаптарын бұзған деп, нақты заң бұзушылық көзделген 5-ші тармақ көрсетілмеген.

Сондықтан, аудан прокуратурасымен аталған заңсыз бұйрыққа наразылық келтіріліп, бөлім бастығының 16.06.2011 жылғы бұйрығымен заңсыз қабылданған бұйрықтың күші жойылды.

Сонымен бірге, аудан прокуратурасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Б.Айнабековтың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 537 бабымен қозғалған әкімшілік өндірісі негізінде, Мақтаарал аудандық сотының 17.06.11 жылғы қаулысымен оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 75600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.