You are here

Мемлекеттің 14 990 560 теңге қаржысын жымқырған бас еспшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық прокуратурасымен «Облыстық «Сарыағаш» балалар шипажайы» МКҚК-да (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарының сақталуына және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізу барысында кәсіпорын бас есепшісі Б.Ермановамен кәсіпорынға тиесі қаржыларды заңсыз иемдену жәйті анықталды.

Аталған, кәсіпорынның бас есепшісі Б.Ермановамен 2013-2014 жылдар аралығында «шаруашылық қажеттілігі» және «іс-сапар шығындары»  деген негізбен кәсіпорынға тиесілі 14 990 560 теңге мөлшеріндегі қаржыларды өзінің жеке есеп шотына аударып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залала келтіргені  үшін, кәсіпорынның бас есепшісі Б.Ерманованың үстінен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігімен,  ягни бөтеннің мүлкін ысырап еткені және иемдегені үшін қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментімен тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.