You are here

Мемлекеттік сот орындаушысы қызметінен босатылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қолданыстағы заңнамаларда заңды күшіне енген сот актілері міндетті түрде орындауға жататын нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, барлық жеке немесе заңды тұлға заң талабын орындайды деп айта алмаймыз.

Сот актілерін ерікті орындауға ынталандыру мақсатында, кезінде сот актілерін еріксіз орындаған жағдайда мемлекет кірісіне 10% атқарушылық санкцияны өндіріп алу процедурасы енгізілген болатын. 

Алайда, мемлекеттік сот атқарушыларының бірізді жұмыстарысыз, аталған норманы жүзеге асыру мүмкін емес.

Қостанай қаласының прокуратурасы  қадағалау қызметін іске асыру барысында, мемлекеттік сот атқарушысы А.Сағындықовпен борышкерді атқарушылық санкцияны төлеттірмеу бойынша әрекет жасаған фактісін анықтады.

Жеке тұлғадан басқа жеке тұлғаның пайдасына 1 010 000 теңгені өтеп алу туралы атқарушылық іс жүргізу  мәжбүрлеу тәртібінде аяқталды, борышкер ақшалай қаражатты өтеп алушыға ммлекеттік сот атқарушысының көзінше берді.

Өтеп алушының «құқықтық сауатсыздығын» пайдаланып, А.Сағындықов одан атқарушы қағазды орындаусыз қайтарып беру жөніндегі арызды талап етті.

Осылайша, борышкер мемлкеттік бюджетке 101 000 теңгені төлеу қажеттілігінен құтылып кеткен.

Осы анықталған фактіге қатысты қала прокуратурасы орындаусыз қайтару жөніндегі заңсыз қаулыға наразылық енгізді, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасаушы құқық бұзушылықты жасағаны үшін сот атқарушысына қатысты тәртіптік іс жүргізу  қозғалды.

Қазақстан Республикасының Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Департаментінің тәртіптік кеңесі прокурордың қаулысын қолдады, Қостанай облысының сот актілерін орындау бойынша департаментінің басшысына шешімді даярлау және қабылдау кезінде жеке тұлғаға заңсыз ерекше ықылас көрсеткені үшін А.Б. Сағындықовты тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс жіберілді.

Департамент басшысының бұйрығымен мемлекеттік сот атқарушысы қызметінен босатылды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.