You are here

Мемлекеттік сатып алу заңнамаларының қолдану саласында заңдылықтың сақталуы туралы баспасөз-ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жыл мен 2015 жылдың өткен кезеңі аралығында прокуратура органдарының үйлестіруімен 800 млн. теңгеден астам мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күштері жойылған.

Мысалы, облыстық құрылыс басқармасымен 29.08.2014 жылы «Қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс өткізу барысында бірде-бір әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты конкурсқа қатысуға рұқсат берілмей, конкурс өтпеді деп танылған.

Алайда, конкурстық комиссиямен «АТАМЕКЕН» және «КазСтройНавигатор» серіктестіктерінің өтінімдері техникаларды растайтын құжаттар толығымен ұсынылғанына қарамастан, бұл құжаттар ұсынылған жоқ деген желеумен негізсіз және заңсыз конкурсқа қатысуға рұқсат бермей, конкурсқа қатысу құқықтарына көрінеу кедергі жасалған.

Сол сияқты, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімдігімен «Автобус аялдамаларын дайындап орнату» жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтпегендігіне қарамастан, 24.03.2015 жылы конкурс өткізу барысында төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім берушілер демпингке ұшырайтындығы жөнінде негізсіз мәліметтерді енгізген.

Салдарынан, ең төменгі бағалардың бірін ұсынған  «KAZ-GAZ ҚҰРЫЛЫС» серіктестігі негізсіз демпингке ұшырап, аталған конкурқа жіберілмеген.

Сондай-ақ, Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен өткізілген «бағдаршамдарды жөндеу, күтіп ұстау және жол белгілерін орнату және күтіп ұстау» және Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясымен өткізілген «Қызылорда қаласының сыртқы жарығын 2015 жылға ағымдағы жөндеу, техникалық қызмет көрсету» конкурстарынан «Техэнергосервис-ТН» ЖШС-гі негізсіз әлденеше рет шеттетіліп, кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келгені анықталды.

Қазіргі уақытта орын алған заңбұзушылықтарды жойып, кінәлі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағандары үшін тәртіптік жазаға тарту туралы прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қаралуда.

Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін негізсіз бас тарту деректері Қазалы аудандық құрылыс бөлімімен 2015 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу барысында да орын алған.

Анықталған заңсыздықтар бойынша кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға 60 және 180 мың теңге аралығындағы айыппұлдар салынған.

Жалпы 2014 жылы және 2015 жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзғаны үшін 73 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Олардың қатарында «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы М.Бәйімбетов, Тасарық ауылдық округінің әкімі Қ.Ахметов, «Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің басшысы О.Оразалиев, «Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансері» КММ-нің материалдық есепшісі Ж.Жумабаева, «Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансері» КММ-нің басшысының орынбасары  Б.Бахтияров және «Қазавтожол» РМК-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры Б.Абыласановтар бар.

Прокуратурамен жыл сайын мемлекеттік сатып алу аясында заң бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу шаралары жүргізілетініне қарамастан, өңіріміздегі жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік сатып алу барысындағы заңсыздықтар тыйылмай отыр.

Биылғы жылдың өзінде мемлекеттік сатып алу заңы талаптарын бұзғаны үшін 100 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 3 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы тәртіптік жауапқа тартылған тұлғалардың 18-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған.

Бұл көрсеткіш 2014 жылдың 12 айының өзінде тек 14 адаммен шектелгені аландатып отыр.  

Олардың ішінде облыстық ауылшаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының лауазымды тұлғалары, Сырдария аудандық тұрғын үй комммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі, №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп интернатының директоры және басқа да жауапты мемлекеттік қызметкерлер.

Мемлекеттік сатып алу аясында жасалған келісім-шарттар бойынша атқарылмаған жұмыстарға бюджет қаржысын аударып, сәйкесінше мемлекеттік бюджетке залал келтіру деректері де аз емес.

Нақтыласақ, прокуратураның ұсыныстарымен 70 млн. теңгеден астам шығын өндіріліп, 117 млн. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылған.

Мысалы, «Туған ел келбеті» серіктестігімен Жосалы кентін аяқ сумен қамтамасыз ету және трансформаторларын орнату жұмыстары толығымен аяқталмай, мемлекетке 4,7 млн. теңге шығын келтірілген.

Серіктестік басшысы Б.Жамиевке қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға сотты болуымен қатар мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелген.  

Сол сияқты, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округінің әкімдігімен Т.Махамбетов атындағы демалыс паркін абаттандыру жұмыстарына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған «Югсантехмонтаж Строй» серіктестігіне орындалмаған жұмыстарға келісім-шартпен көзделген қаржы толығымен төленген.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде ауылдық округ әкімі К.Маматаев сыбайлас жемқорлық сипатында тәртіптік жауапқа тартылған.

Мемлекеттік сатып алудың заңдылығын бақылайтын облыстағы уәкілетті орган басшысының орынбасары осы саладағы заңдылыққа мемлекеттік бақылау жүргізудің орнына қарамағындағы қызметкерлерден пара алу дерегімен ұсталған.

Нақтыласақ, 28.04.2015 жылы жүргізілген жедел іс-шаралар жүргізу барысында «Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ-і басшысының орынбасары қызметтік бөлмесінде өзінің қарамағындағы бақылаушы (ревизор)тексеру актісін кедергісіз келісу үшін 20 000 теңге пара алғаннан кейін ұсталған.

Қазіргі уақытта айыпталушыға бірнеше рет пара алғаны үшін ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармақшасымен айып тағылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.