You are here

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал қаласы прокуратурасымен тексеріс барысында «ҚР АШМ Орал қалалық аумақтық инспекциясы» ММ (әрі қарай-Инспекция) басшысы  Г.Әлібековпен  ветеринарлық куәліктерді беруде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол беру фактісі анықталды.

Осылайша, Инспекция басшысы Г.Әлібековпен Украинадан әкелінген құс етіне «Орал Логистик» ЖШС-не бланктің болмауына байланысты  ветеринарлық куәлікті беруден бас тартылған (05.08.2013 жылғы №542 хат).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі №1230 қаулысымен бекітілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларының 19 тармағына сәйкес орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні Қазақстан Республикасының ішінде орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде иесі инспекторға, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға өтініш берген күні ветеринариялық сертификат беріледі не жазбаша түрде дәлелді бас тартылады.

Инспекциянның басшысы Г.Әлібековтың көрсетілген әрекеттеріне Орал қаласы прокурорының наразылығы бойынша тыйым салынып, ЖШС-не тиісті  ветеринарлық куәлік берілді.

Сонымен қатар, қала прокуратурасымен енгізілген ұсыныстың нәтижесі бойынша «ҚР АШМ БҚО бойынша аумақтық ветеринарлық инспекциясы» ММ басшылығымен Инспекция басшысы Г.Әлібеков ҚР «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы    1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес «қызметіне тиісті түрде сәйкес келмеуі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану арқылы тәртіптік жауапкершілікке тартылды (жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау).

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.