Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ордабасы аудандық прокуратурасымен Ордабасы аудандық «құрылыс, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Бөлім) мемлекеттік бюджет қаржысының тиімді және мақсатты жұмсалуына талдау жүргізіліп, нәтижесімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған кейбір әлеуетті өнім берушілермен, өз міндеттемелерін толық орындалмағанына қарамастан, тапсырыс беруші мен мердігер арасында жұмыстардың орындалғаны туралы жалған акті түзіліп, орындалмаған жұмыстарға мемлекет қаржысы заңсыз аударылғаны анықталған.

Атап айтқанда, Бөліммен Ордабасы ауданы индустриалдық аймақтың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, өткізілген электронды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының 27.09.2013 жылғы хаттамасы негізінде, Бөлімнің сол кездегі басшысы «Н» есімді азамат пен «Д» есімді азамат 03.10.2013 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындау туралы келісім-шартқа тұрған.

Келісім-шарттың жалпы соммасы 9 999 360 теңге, орындалу мерзімі 28.12.2013 жыл болып белгіленген.

Келісім-шартқа сай, аталған жұмыстар 9 499 392 теңгеге орындалғаны туралы 25.12.2013 жылы акті түзіліп (Бөлім басшысы Н есімді азамат пен Д есімді азамат екіжақты қолдарын қойып мөрлерін басқан), қаржысы «Алаш Оңтүстік» ЖШС-нің есебіне толық аударылған.

Алайда, «Алаш Оңтүстік» ЖШС-гі тарапынан келісім-шарттың мерзімі 28.12.2013 жылы аяқталғанымен Ордабасы ауданы индустриалдық аймақтың жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмей, Бөлімге жобалау-сметалық құжаттамасы тапсырылмаған.

Сонымен қатар, Бөліммен Ордабасы ауданы индустриалдық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, өткізілген электронды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының 27.09.2013 жылғы №618127-2 хаттамасы негізінде, Бөлім басшысы «Н» есімді азамат пен «М» есімді азамат 03.10.2013 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындау туралы №58 келісім-шартқа тұрған.

Келісім-шарттың жалпы соммасы 7 000 000 теңге, орындалу мерзімі 28.12.2013 жыл болып белгіленген.

Келісім-шартқа сай, аталған жұмыстар 7 000 000 теңгеге толығымен орындалғаны туралы 10.12.2013 жылы акті түзіліп (Бөлім басшысы Н есімді азамат пен М есімді азамат екіжақты қолдарын қойып мөрлерін басқан), қаржысы «АДТ-Сервис» ЖШС-нің есебіне толығымен аударылған.

Алайда, келісім-шарттың мерзімі 28.12.2013 жылы аяқталғанымен «АДТ-Сервис» ЖШС-гі тарапынан Ордабасы ауданы индустриалдық аймақтың жобалау-сметалық құжаттамасы Бөлімге осы күнге дейін тапсырылмаған.

Демек, Бөлімнің бұрынғы басшысы «Н» есімді азамат шын мәнісінде «Алаш Оңтүстік» және «АДТ-Сервис» ЖШС-мен орындалмаған жұмыстарды, орындалды деп актілерге қол қойып, қаржысын аударып жіберген. Яғни, сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттерді жасаған.

Бұл дерек бойынша, Ордабасы аудандық прокуратурасымен өзінің өкілеттігін теріс пайдананып, қызметтік жалғандық жасаған Н есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 369-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестіріне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 193-бабының 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес, айрықша жағдайларда тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында, сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін қылмыстық іс құжаттары Сырдария аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жомқорлыққа қарсы іс-қимыл Басқармасына жолданған.

Бүгінгі таңда, Ордабасы аудандық сотының 15.07.2015 жылғы үкімімен «Н» есімді азамат Қазақстан Республикасының 307-бабы 2-бөлігімен Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігімен, мемлекеттік қызметті атқарумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылып, ҚК-нің 314-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 5 (бес) жыл мерзімге мемлекеттік қызметті атқарумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айыру жазасы қолданылған.

ОҚО Ордабасы ауданының прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.