You are here

Қызылорда қалалық прокуратурасымен мүгедек қарттардың құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда қалалық прокуратурасымен «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «№3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бұзылғандығы туралы арызы негізінде, «Жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарға арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Қарттар үй) қызметінде тексеру жүргізіліп, нәтижесінде аталған мүгедектер бірлестігі құрған ұйымның құқықтары бұзылғандығы анықталды.

Нақтыласақ, қарттар үйімен өткізілген «Төсек орын тыстары»  лоттарының конкурстары бойынша мүгедек ұйымына негізсіз талап қойылып, дәл сондай құжаттар ұсынылмаған өзге де кәсіпкерлер конкурсқа жіберілсе, тек мүгедек ұйымымен тапсырған конкурстық өтінімі заңсыз түрде біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деген негізбен конкурсқа қатысуға жіберілмеген.

Прокуратурамен енгізілген ықпал ету актісі негізінде тапсырыс беруші заңсыз қабылданған конкурс қорытындыларының күшін жойып, нәтижесімен мүгедектер бірлестігі құрған ұйымның құқығы қорғалып, оның конкурсқа қатысу құқығы қалпына келтірілген.

Кәсіпкердің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін, жауапты әрі кінәлі тұлғаны сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыныс енгізіліп, ол қазіргі таңда қаралу барысында.    

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.