You are here

Қызылода: Кәсіпорын бас директоры мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотты болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

14 маусым 2011 

Қызылода: Кәсіпорын бас директоры мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотты болды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында орналасқан «Қазалы» газетінің шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бас редактор-директоры Ж.Макенәлі 23.12.2010 жылы мекемеге билборд жасату үшін жеке кәсіпкер «Көркем» жарнама агенттігінің қызметін атқарып жүрген Р.Бердімұратпен 16 дана билборд жасатуға ауызша келісіп, барлығы 200 мың тенгеге бағаланған 16 дана билбордқа шот-фактурасын дайындатып алып, сол бойда соңғыдан аталған билбордтарды дайындап берген етіп, жалған орындалған жұмысты тапсырып, қабылдау актісін дайындатып алған.

Осыдан кейін, Ж.Макенәлі өзі басқарып отырған кәсіпорынның бас есепшісі Ы.Уразгалиевті билбордтардың кейін әкелінетіне сендіріп, аталған жалған орындалған жұмысты тапсырып-қабылдау актісіне соңғының қолтаңбасы мен кәсіпорын мөрін бастыруға мәжбүрлеп, бұл актіні бухгалтерлік есеп құжаттарына енгіздірткен.

Осы актінің негізінде, Ж.Мәкенәлі есепшісі Ы.Уразгалиевке 24.12.2010 жылы төлем құжатын дайындатқызып, оған өзінің және есепшісінің қолтаңбасын қойдыртып, билборд үшін деп 200 мың тенге қаржыны жеке кәсіпкер Б.Бердімұратовтың есеп шотына аудартқызып, оның 170 мың теңгесін «кәсіпорынға билборд жасатпайтын болдық» деген желеумен нақтылай қолма-қол алып кеткен.

Аталған факті бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімімен Ж.Макенәліге қарсы ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігі «г» тармағымен 01.03.2011 жылы қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу қорытындысымен қылмыстық іс аудандық сотқа жолданды.

Сот тергеуі барысында аталған кәсіпорын бас редактор-директоры Ж.Макенәлі келтірілген залалды толығымен өндірді.

Сөйтіп, аудандық соттың 27.05.2011 жылғы үкімімен Ж.Макенәлі ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылып, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп 1 жыл сынақ мерзіміне сотты болды.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.